astana-view

Тауардың шығу түбін растайтын сертификатты қалай алуға болады?

2020 жылғы 23 Маусым
5964 просмотров

БҰЛ ҚАНДАЙ СЕРТИФИКАТ?

Бұл құжат тауардың шығу түбі Қазақстан Республикасы екенін растайды.

ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Тауардың шығу түбі туралы сертификат (СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, А, Оригинал)  экспорттаушыларға нысаналы елде тарифтік жеңілдіктер (баж салығын төмендету немесе босату), тарифтік емес реттеу (тауарды әкелу/шығаруға тыйымдар,  шектеулер) алу үшін рәсімделеді.

 Ішкі тұтынуға туар шығарушылар үшін сертификат (CT-KZ)   тауарларды еркін қоймалар мен еркін экономикалық аймақтардан әкету кезінде, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сатып алынған тауарларды сатып алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың мемлекеттік сатып алулары және өнімде жергілікті қамту үлесін растауда қажет.

 ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

  1. Тауардың шығу түбіне сараптама жүргізу үшін сарапшы-аудиторға жүгіну (CT-KZ алу үшін) керек;
  2. https://doculite.kz/  сайты арқылы өтінішті, сараптама актісі (СТ-KZ)  мен құжаттар топтамасын электронды түрде өткізу керек.

Сертификат беру мерзімі – құжаттардың толық пакетімен қоса өтініш берген күннен кейін 1 жұмыс күні, өкілетті ұйымдарда (СТ-KZ)  өтінішті жаңа тауарлық позицияларға беруде, жабдық және технологиялық операциялар өзгергенде  өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні.

 ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

- СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, Оригинал формасындағы сертификаттардың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап – 12 ай, «А» формасы берілген күннен бастап – 10 ай.

- «CT-KZ» тауардың шығу түбі сертификатының жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 12 ай немесе ішкі айналымға тауардың шыққан жеріне сараптама актісінің жарамдылығына байланысты – 36 ай.

 Толығырақ:  https://atameken.kz/ru/services/5-sertifikaciya


Еншілес ұйымдар

Серіктестер