astana-view

Карантин кезеңінде өткізу нарығының интернет-алаңдарындағы мүмкіндіктері

2020 жылғы 15 Шілде
3434 просмотров

Эпидемиологиялық қиын кезеңде «онлайндағы» жұмыстың өзектілігі арта түсті.

Кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ бизнестерін үйреншікті емес жағдайға икемдеп, дамытып жатыр.

«Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаментінің директоры Айболат Есентеміров қолөнер бұйымдары, көнерген заттар, шығарылым шектеулі бірегей тауарларды сатуға арналған etsy.com электронды коммерция веб-сайтында Украинаның 6081 компаниясы тіркелгенін анықтады. Негізінен былғары және былғарыны алмастырғыш материалдардан бұйымдар, балалаларға арналағн ағаш ойыншықтар, үй жануарларына арналған қарғыбаулар мен жетектер сатылады. Сатылымдардың көшбасшысы 124 мыңнан астам мәмілені іске асырған.

Беларусьта 316-дан астам компания тіркелген, олар негізінен төсек тыстары, көрпе-жастық және киім сатады. Сатылымда жетекші компания 19 625 мәмілені іске асырған.

Әзірбайжандық көршілер тоқылған үй киімін, бас киім және қолғаптар сатады. Грузиндер балалар кереуеті және түрлі картиналарды ұсынады.

Қазақстандық кәсіпкерлер арасынан небәрі 98 компания тіркелген, 4500-ге жуық мәміле жасалған. Негізінен тауарлар ассортименді ұлттық нақышта ұсынылған. Осыдан шығар қорытынды: отандық шағын бизнеске тауарларды енгізіп, мұндай алаңдарды өткізу нарығының бір түрі ретінде қолдануға не кедергі?

«Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында marketplace және фриланс алаңдарда жұмыс істеу бойынша курс енгізілуде, сонымен қатар түрлі палтформаларда дүкендер құру жоспарланған, онда «Бастау» курсы түлектері және кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлердің тауарлары сатылымға қойылады.

 

Құрметпен, «Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті


Еншілес ұйымдар

Серіктестер