astana-view

SCAT авиакомпаниясы оттегі концентраторларын өңірлерге тегін жеткізуге көмектесті

2020 жылғы 18 Шілде
3856 просмотров

Авиа тасымалдаушы компания Ұлттық палатаның хатына жауап беріп, оттегі концентраторларын тегін жеткізді

Ұсыныстар шеңберінде ҰКП дәрі-дәрмек және медициналық заттарды тасымалдауда авиа тасымалдаушылар мүмкіндіктерін қолдануды ұсынған болатын. Мұндай шара Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қоймалардан медициналық заттарды жеткізу мерзімін қысқартуға көмектеседі. Қазіргі таңда жеткізу авто көлік құралдарымен іске асып, екі аптаға дейін уақыт алуы мүмкін.

SCAT Орал, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалаларына 25 оттегі концентраторды жеткізді. Компания қызметкерлері жеткізілген жабдық індетке шалдыққан қазақстандықтарға көмектеседі деген үмітте.

 «Атамекен» жаңа санитарлық ережелерге қатысты бизнестен ұсыныстарды жинауды жалғастыруда, ұсыныстар легі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Ұсыныстарды WhatsApp нөміріне +7778-870-1432 жіберіңіз немесе call-орталыққа 1432 хабарласыңыз.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер