astana-view

Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне сайланушы кандидат портреті

2020 жылғы 27 Шілде
3969 просмотров

Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне сайлауға қатысуға өтініш берген 1168 кандидаттың 1048 өтініші мақұлданды.

Бұл Ұлттық палата талаптарына толығымен сәйкес келген әрі қажетті құжаттардың топтамасын өткізген кандидаттар. 

Өңірлік кеңестерге қатысуға өтінім берген ең жас кандидат 21 жаста, ең үлкені – 73 жаста. Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас.

Ауыл шаруашылығы саласынан өкілдер саны басым – 211 өтінім (18%), одан кейін сауда саласы – 180 кандидат (15%), өңдеу өнеркәсібі – 163 кандидат (14%).

Ұйымдастырушылық-құқықтық форма бойынша өтінім бергендер қатарында 538 кандидат – ЖШС өкілдері, 367 кандидат – жеке кәсіпкерлік, 126 кандидат – жеке тұлғалар (құрылтайшылар). Еске салсақ, Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне сайлау 5-11 тамыз аралығында vote.atameken.kz сайтында онлайн өтеді. Өңірлік кеңестерге бизнес-қоғамдастықтан барлығы 465 өкіл өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер