astana-view

Эльдар Жұмағазиев: пандемия кезінде бизнес жұмысының алгоритмі – кәсіпті сақтап қалудың бірден бір жолы!

2020 жылғы 27 Шілде
3776 просмотров

Локдаун мерзімінің аяқталуына қарай ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің Facebook парақшасында эпидемиологиялық қиын жағдайда бизнес жұмысының алгоритмдерін онлайн-талқылаудың нәтижелерімен бөлісті

 «Локдаун кезеңі бір аптадан кейін – 2 тамызда аяқталады деп күтілуде. Мемлекеттік комиссия локдаун уақытын ұзартуы мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Аталған органның қабылдаған шешіміне қарамастан өндірістің тұрып қалуының әр күні көптеген бизнес түрінің жабылып қалуына себеп болып жатқаны анық. Бүгін «Атамекен» ҰКП басшылығы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова және бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн-талқылаулар шеңберінде біз бизнес-сектор бойынша санитарлық шектеулер жағдайында бизнесті жүргізу алгоритмдерінің жобасын таныстырдық. Осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге алғыс білдіреміз», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

 Спикер Facebook желісінде тікелей эфир арқылы Zoom-конференциясы шеңберінде белсенді онлайн талқылаулар 20 шілдеден жалғасып жатқанын еске салды. Ақылдасудың соңғы «раундтарына» 200-ден астам кәсіпкер және салалық қауымдастықтар, сондай-ақ сарапшылар қатысты.

 «Талқылаулар конструктивті мәнде өтті: реттеуші пікірлерді назараға алды, тұтастай алғанда барлық бағыттар бойынша алгоритмдер қолдау тапты. Осы ретте бизнес өкілдері 3 тамыздан бастап бизнесті ашуға қатысты өздерінің дәйекті пікірлерін білдіре алды. Кәсіпкерлер барлық қажетті санитарлық талаптарды қамтамасыз ету үшін қосымша шығынды көтеруге дайын екенін атап өткім келеді. Нарық өкілдеріне сабырлық танытқандары үшін, ал Денсаулық сақтау министрлігіне ашық позициясы үшін ризашылығымды білдіремін», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

 Ұлттық палатаның Басқарма мүшесі талқылауға қатысушылар – сауда, қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары өкілдері – аталған субъектілер үшін 3 ай жұмыс істемеу басқа шығындармен қоса қызметкерлерді қысқартуға әкеп соққанын айтты. Бұл салаларда 2 млн-ға жуық адам жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн!

 «Төтенше жағдай режимінде наурыз-мамырда бизнесмендер несие төлемдері бойынша шегерім, салықтық жеңілдіктерді, қысқарып қалған қызметкерлерге 42 500 теңге бойынша төлемдер алды. Жалға берушілердің басым бөлігі жеңілдік жасап, жал құнын ұстамады. Қазір локдаун режимінде әлеуметтік төлемдерден басқа аталған жеңілдіктер қарастырылмаған», – деді спикер.

 «Атамекен» ҰКП өкілі бизнес-қоғамдастықтың атынан 30 шілде күні Мемлекеттік комиссия отырысында әзірленген алгоритмдер қолдау тауып, бизнес өз қызметін жоспарлауда нақты шарттар мен жоспарлаудың ауқымын алатынына үміт артатынын атап өтті.

 «Бизнес үшін ең маңыздысы – анықтық! Үкіметтің қолдауына үміт артамыз! Егер жұмыс істеуге рұқсат берілмесе, онда бизнеске бірінші локдаун – Төтенше жағдай режимінде болған қолдаудың толық пакеті – жеңілдіктер, несие демалысы, салықтық, жалға алу төлемдері бойынша жеңілдіктер мен табыс жоғалтқан адамдарға әлеуметтік төлем қажет болады!», – деп қорытындылады Эльдар Жұмағазиев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер