astana-view

#ЖақсылықЖаршысы Ақтөбеде: 50 азық-түлік қорабы, дәрі-дәрмек пен антисептик жиынтықтары мұқтаж отбасыларға таратылды

2020 жылғы 10 Тамыз
- Ақтөбе облысы
6794 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлері «Атамекен» ҰКП және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық марафонына белсенді қатысып жатыр. Марафон қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелер мен мұқтаж жандарға көмек беруге бағытталған

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнесмендер азық-түлік өнімдері және қорғаныш құралдар, антисептиктерді жинақтады. Кейін осы қорды еріктілер көмегімен қиын жағдайда қалған отбасыларға таратты.

 50 азық-түліктік жиынтық пен санитарлық қорғаныш, антисептиктер, дәрі-дәрмек жинауда көмекті жергілікті өндірушілер көрсетті:

 «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС (ұн, макарон өнімдері);

 «Айс-плюс» ЖШС (піскен сүт);

 «Ақтөбе кондитерлік фабиркасы» АҚ (кәмпиттер);

 «Ақтөбе» ӘКК (алма);

«Банк ЦентрКредит» АҚ (азық-түлік);

«Рамазан» ЖШС (печенье);

«КамКор Company LTD» ЖШС (дәрі-дәрмек);

«ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС (медициналық маскалар);

«GRANT ADAL» ЖШС (антисептик құралдары);

«Splendor» ЖШС (жуғыш және антисептик құралдары).

Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері де науқанға атсалысты. «Экспресс-груз» ЖШС директоры Айгүл Сақтағанова жармаларды (күріш, қарақұмық) ұсынды, ал «Тайшиева Разида» жеке кәсіпкерлігінен шай жеткізілді. Қораптарды «ПАКсервис Актобе» ЖШС директоры Үмбет Сәрсембин ұсынды.

 Марафонға бұл компаниялардан бөлек, өңірде танымал тұлғалар: Қазақстанның еңбек ері, «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына» Құралай Бәйменова және әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Светлана Айтбаева қатысты. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері еріктілер қатарында еңбектенді.

«Адани-Кейтеринг»  ЖШС директоры Жанна Көптілеуова Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөліміне жаңа туған нәреслелерге арнлаған 3 дана таразы берді.  Кәсіпкер Арыстанбек Жұмабаев («GRANT ADAL» ЖШС) «РАСтемка» Ақтөбеде аутист балалардың ата-аналар қауымдастығына балаларға дамыту ойыншықтарын алуға 200 мың теңге бөлді.  

«Cafe Taksim» және «Afsona» иесі, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы, ӨКП Өңірлік кеңесіне кандидат Күлшат Масалимова 4 концентраторға ақша бөлді. Аппараттар 4 аудандық ауруханаға (Байғанин, Ырғыз, Мәртүк жән Қарғалы) берілді. Тағы бір концентраторды Кеңқияқ аудандық ауруханасына «Алға Құрылыс» ЖШС директоры Дархан Аманғосов алды.

«АlBA ГАЗ» ЖШС директоры, «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығының директоры Алтынай Мұханова 150 мың теңгеге кондитерлік өнімдер және жалпы сомасы 160 мың теңгеге сертифкаттарды Жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

 Ақтөбе облысы ӨКП директоры Анар Даржанова Ақтөбе кәсіпкерлеріне акцияны қолдап, атсалысқандары үшін алғыс білдірді.

 «Бүгінде баршамызға қиын жағдай орын алған. Алайда отандастарды қолдау және қамқорлық таныту халқымыздың дәстүріне сіңген. Осы акция арқылы жерлестерімізді, өнім тұтынушыларын қолдағымыз келеді. «Жақсылық жаршысы» акциясына қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл дер кезінде қолға алынған акция. Оны ел, облыс ауқымында әлеуметтік бағдарлаған кәсіпкерлер қолдайды деген сенімдемін», – деді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Разида Тайшиева.

Сондай-ақ ірі тұрғын үй кешендері, сауда нысандарында еріктілер халық пен бизнес арасында санитарлық нормаларды сақтауға шақыратын  #3жаңаәдет челленджі жапсырмаларын таратты. Пандемия кезеңінде үш қарапайым әдетті сақтау өте маңызды:

  1. Бірінші – маска және қолғап кию.
  2. Екінші – әлеуметтік қашықтықты сақтау;
    3. Үшінші – қол жиі жуып тұру.

 Жобаға қатысам десеңіз, «Менің Атамекенім» ҚБ акциясының үйлестірушісіне хабарласуды сұраймыз.  (жоба менеджері Әсел Мағжан +77021500719).

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің шоты:  

 010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер