astana-view

130,3 мың бизнес өкілі Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне кандидаттарға дауыс берді

2020 жылғы 21 Тамыз
2976 просмотров

20 тамызда vote.atameken.kz сайтында өңірлік кеңестеріне сайланушы  кандидаттарға онлайн-дауыс беру аяқталды.

Кандидаттарға Шымкент қаласы (17 653 дауыс беруші), Нұр-Сұлтан қаласы (16 178 дауыс беруші) және Ақтөбе облысының (11 697 дауыс беруші) кәсіпкерлері белсенді дауыс берді. 

Ал Маңғыстау облысында кандидаттар арасында үгіт-насихат жұмыстары аяқталды, онлайн-дауыс берудің өзі 22-26 тамыз аралығында өтеді.

Әр кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі реттейтін ұйым Маңғыстау облысындағы қалаулы 1 кандидатқа дауыс бере алады. Ел ауқымында өңірлік кеңестерге 456 адам өтеді. 

Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің жаңа құрамы 3 қыркүйекте, Маңғыстау облысы бойынша 11 қыркүйекте белгілі болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер