astana-view

WWW.INFOKAZAKHSTAN.KZ сайтында қоғамдық бақылау қызметі іске қосылады

2020 жылғы 24 Тамыз
3990 просмотров

Қоғамдық бақылау қызметі әр тұтынушыға санитарлық нормаларды бұзған бизнес өкіліне байланысты портал арқылы шағым түсіруге мүмкіндік береді. 

24 тамызда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша  кәсіпкерлерден infokazakhstan.kz сайтына 230 мың өтінім келіп түсті, соның ішінде 182,8 мың өтінім мақұлданды. 

Өтінімдердің басым бөлігі Алматы қаласы (35 577 өтінім), Шығыс Қазақстан облысы (22 436 өтінім) және Қарағанды облысынан (21 305 өтінім) келіп түскен. 

Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай www.InfoKazakhstan.kz порталы іске қосылды. Портал бизнеске локдауннан кейін кабинеттерді аралап, құжат жинамай-ақ, жұмысты бастауға мүмкіндік береді. 
 
Әр кәсіпкер жеке электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, 10-15 минут ішінде өтінімді рәсімдеп, ары қарай жұмыс бастауға дайындық актісін алады. Бұл құжат нысан иесінің санитарлық нормаларды сақтайтынын растайды. 

Кәсіпкерлік түрлерінің 90 пайызы жұмысты тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жаңарта алады. 

Егер кәсіп сауда және ойын-сауық орталықтары және ауданы 2000 шаршы метрден асатын дүкендер, азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, қоймаларға қатысты болса, онда мониторингтік топтың тексеруін өту қажет. 

Сайт қолданушыларында жұмыс істеуге рұқсат беретін өтінім дұрыс толтырылмаса, оны кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.  
Сондайа-ақ порталда деректер базаларының жиынтығы мен мемлекеттік органдармен (Мемлекеттік кірістер комитеті, Сатистика комитеті) байланыс арнасы қарастырылған. 

Сұрақтар болса 1432 байланыс орталығына қоңырау шалып, кеңес алуға болады. 

Мониторингтік топ мүшелері тарапынан барлық ЗАҢСЫЗ әркеттер орын алса, өңірлерде ӨКП директорларының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарларына және «Атамекен» ҰКП 1432 байланыс орталығына хабарласуға болады. Бірыңғай байланыс орталығына портал жұмысына қатысты 11,3 мың қоңырау келіп түсті.  

Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай  @infokazakhstan телеграм-каналы, сондай-ақ сұрақтарға жауап беретін @InfoKazakhstanbot жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер