astana-view

Кейінге қалдырылған турлар бойынша дауларды реттеу регламенті бекітілді

2020 жылғы 25 Тамыз
5557 просмотров

Регламент «Туристік Қамқор» корпоративті қорымен әзірленген, құжат форс-мажорлық жағдайлар түсінігін бағалау, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі, сондай-ақ турист алатын тур мерзімі мен кепілдіктерді кейінге қалдыру механизмін қамтиды

 «Туристік Қамқор» корпоративті қорының төрайымы Инна Рейдің айтуынша, аталған құжат арқылы туристік агенттіктер туристерге тур уақыты ресми түрде басқа күнге ауыстырылатыны жайында кепілдік беруге мүмкіндік береді. Егер турист тур уақытының басқа күнге ауысуына қарсы болса, онда оған туроператор өз қызметін жаңартқан соң 60 күн ішінде ақшасын қайтарады.

 Қор іске аспай қалған турларға қатысты дауларды реттеу регламентін әзірледі. «Атамекен» ҰКП алаңында бизнес, мемлекеттік органдарымен талқылаулар өтті, туризм нарығының жасаған ескертпелері регламенттің түпкі нұсқасында көрініс тапты.

 Еске салсақ, төтенше жағдай енгізіліп, шекаралар жабылған уақыттан бастап туроператорлар туристерге іске асырылмаған турлар бойынша қаражатты қайтару проблемасына тап болды.

 Туроператорлар клиенттерге қаражатты бірден қайтара алмады, өйткені шетелдік серіктестерге, қонақ үйлер мен авиакомпанияларға төлемдер жасап қойды. Қызметтерді шетелдік жеткізушілерде қалып қойған қаражат сомасы – 4,6 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты туроператорлар туристерге саяхат мерзімін тура сол шарттарда келер жылға қалдыруды ұсынып отыр.

Туристердің сотқа жүгіну жағдайлары бойынша Жоғарғы Сот тарапынан мұндай істерді сотқа дейінгі реттеуге бағыттау туралы ұсыныммен түсіндіру берілді.

 «Атамекен» ҰКП осы мәселені шешуге атсалысқаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. 

Жүзеге аспай қалған қалдырылған (кейінге қалдырылған және (немесе) қайтарылған) турлар бойынша дауларды реттеу регламенті


Еншілес ұйымдар

Серіктестер