astana-view

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 20 млн теңгеге дейін субсидия ала алады

2020 жылғы 27 Тамыз
7933 просмотров

ҚР Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері/микронесиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдендірудің жаңа құралын енгізді.

Жобалық субсидиялау  салалық шектеулерсіз шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді қарастырады.

Несиелеу шарттары:

-бір қарыз алушыға белгіленген лимит – 20 млн теңге;

-инвестициялық мақсаттарға – мерзімі 3 жылға 20 млн теңгеге дейін;

-қаржы айналымына – мерзімі 2 жылға 5 млн теңгеге дейін;

-«Даму» қорының кепілдігі – несие сомасынан 85%-ға дейін.

Несиелеу ҚР Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын  және 8,5%-ға ұлғайтылған атаулы сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, соның ішінде 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылығы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Жобалық сусбидиялаудың ерекшелігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қорына жүгінбей несиелер/микронесиелер бойынша  кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдауды қарастырады.

Кәсіпкер екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымынан несие алған кезде субсидиялау/кепілдендіруді алу үшін «Даму» қорына бармайды. Субсидиялау/кепілдендіру екінші деңгейлі банк/МҚҰ-ның «Даму» қорына несие беру туралы жіберген хабарламасы негізінде жүзеге асырылады. Осылайша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды алу үшін «Даму» қорына құжаттар жинап, тапсырудан босатылады.

Анықтама үшін: «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 қаулысымен өзгерістер енгізілді, құжат 2020 жылдың 26 тамызында жарияланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер