astana-view

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы анықталды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Түркістан облысы
10028 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында іріктеу комиссиясының онлайн отырысы өтті, онда сайлау кампаниясының қорытындысы бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамының тізімі жарияланды.

  Еске салайық, 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау жүргізілді, 25 шілдеден бастап 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы жүргізілді. Негізгі кезең – сайлау – 5-20 тамыз аралығында өтті.

Дауыс беруге Түркістан облысының 10 515 бизнес субъектісі қатысып, алдағы 4 жылда өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін шешуді ілгерілетушілерге өз дауыстарын берді.

Түркістан облысы Өңірлік кеңеске мүше санына квота салалар бойынша бөлу әрі өңір ерекшелігін ескере отырып 35 адамды құрады. Жалпы, Түркістан облысынан 47 кәсіпкер Өңірлік кеңеске үміткер болды.

35 кандидаттың 29 мүшесі (83%) ер адам болса, 6 мүшесі (17%) әйел азаматшалар.

Дауыс беру нәтижелері бойынша «Атамекен» ҰКП квотасына сәйкес, ең көп дауыс мына салалардан жиналды:

- Ауылшаруашылығы саласы -

Сарманов Хали Сатыбалдыұлы («Нур кол» ЖШС)

Құрбаналиев Абдирасул Жантилесұлы ("Азамат-01" Ш/Қ)

 Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы («Ерсултан Агро» ЖШС)

 Еримбетов Ғазиз Қаныбекұлы ("Таңбатыр-112" ЖШС)

Серманизов Бақытжан Қыпшакбайұлы ("ХАМИТ" АШӨК)

Байкенжеев Нұрлан Шекербекұлы ("Байкенже" Ш/Қ)

 Мұратов Темур Мұратұлы («MURAT GROUP» ЖК)

Абдукаримов Мақсат Серикұлы («ALMA JABAGLY» ЖШС)

Бердімұрат Серік Қамбарұлы ("EСO PRODUCT" АШӨК)

 Ахметов Алымжан Абсаттарұлы («Қазына-Жер LTD» ЖШС)

 Юсупов Полат Исмайұлы ("Полат" Ш/Қ)

 Ахаев Нұрсұлтан Асилханұлы («Отырар Сүт-Ет» ЖШС)

- Өңдеу өнеркәсібі -

Оспанов Ерик Серікұлы («Аксанат-Инжиниринг» ЖШС)

Ертаев Сырым Маханметұлы ("ҚАЙЫП-АТА" ЖШС)

Жамалбеков Нұржан Шаріпбекұлы («Сайрам-Сүт» ЖШС)

Абасов Қайнар Бегалыұлы («Road Text LTD ЖШС)

Абишов Нұралы Алмаханұлы ("БӨРТЕ МИЛКА" ЖШС)

Омаров Нұрлан Мамрайханұлы («Рауан» ЖШС)

Айкан Алмагуль Құдайбергенқызы ("AYKAN" ЖШС)

Абишев Уйгын Ибрагимұлы («ASIA BREND» ЖК)        

Қожабаев Хайрулла Байдильдаұлы («Кентау Трансформаторлық Заводы»)

Халмұратова Балжан Оразаліқызы («Алтын адам» ЖШС)

Жанатаев Мейрамбай Балтабайұлы ("Отырар-өнімдері" ЖШС)

- Сауда және қызмет көрсету саласы –

Қолдасов Али-Хасан Молдаліұлы  («Курорт барс 2030» ЖШС)

Арапбаев Сакен Асетұлы ("VTOR METAL SERVICE" ЖШС)

Лесбеков Орынбасар Лесбекұлы («Лесбеков» ЖК)

Дукенбаев Салман Үсербейұлы («КЕЛЕШЕК-С» ЖШС)

Сарсенбеков Жақсыбек Абдетұлы («Парасат-А» ЖШС)

Намазбаева Инара Абдігаппарқызы («Куаныш» ЖШС)

Адырбек Арсланбек Анарбекұлы («Марат» ЖК)

Рисметов Мұрат Абдуллаұлы («Рисметов» ЖК)

-Туризм және денсаулық сақтау –

 Мельдеева Айгуль Айходжақызы ("Мельдеева А.А." ЖК)

- Құрылыс –

Кұрбанбаев Есен Анарбайұлы ("Құрбаналиев Е.А» ЖК)

- Білім беру –

Бегалиева Шолпан Маратқызы ("Түркістан болашақ Балабақшасы" ЖШС)

Хабибова Дильдар Эргешқызы («Детский ясли-сад «СОГДИАНА ЖШС)

«Түркістан облысы кәсіпкерлеріне Өңірлік кеңеске сайлауда белсенділік танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне сайлау бизнес-қоғамдастықтың жетілуін әрі өңірлердегі бизнестің дамуына және кәсіпкерлер палатасы басқаруға үлес қосуға әзірлігін көрсетті. Өңірлік кеңестің жаңартылған құрамы кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады деп сенемін. Қалған барлық кандидаттардың белсенді ұстанымдары мен бизнестегі мол тәжірибелерін ескере отырып, алдағы уақытта Кәсіпкерлер палатасының және Өңірлік кеңестің салалық комитеттеріне және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне қатысатын болады. Сонымен қатар, олардың барлығы өңірлік кеңестің құрамы өзгерген жағдайда Кеңестің бос орындарына бірінші болып шақырылатын болады»,-деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

Айта кетейік, кандидаттар ретінде өз өңірінде белсенді, қоғамда беделі бар кәсіпкерлер, қауымдастықтардың жетекшілері тіркелді. Үміткерлер арасында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі,  сауда және қызмет көрсету, құрылыс, Туризм және білім саласының өкілдері басым болды.

Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, сонымен қатар 12 облыстағы өңірлік кеңестер құрамындағы 436 орынға барлығы 1028 кандидат қатысты.

 

АНЫҚТАМА

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі – құрамында 35 адамнан тұратын бақылаушы орган. Кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетеді; Палата міндеттерінің орындалу барысын және мақсаттарына қол жеткізілуін бақылайды; Палатаның ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етеді; Палата басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келісім жүргізеді; кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді және тағы да басқа қызметтерді атқарады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер