astana-view

Әр азаматқа түсінікті болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне тексеру жүргізу туралы

2020 жылғы 01 Қыркүйек
4843 просмотров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Халқына жолдауы барысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларын атады.

 Мемлекет басшысы шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларында ШОБ-тың барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиялаумен қамтамасыз етуді тапсырды.

 «Субсидиялау төтенше жағдай жарияланғаннан, яғни ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап 12 ай кезеңді қамтиды.  «Ұлттық банк зардап шеккен секторларда шағын және орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Осыған дейін бағдарлама өз қызметін биыл аяқтайды деп болжанған. Ағымдағы дағдарысты жағдайда бағдарламаны 2021 аяғына дейін ұзартып, қамту ауқымын кеңейтуді тапсырамын», – деді Президент Жолдауында

Мемлекет басшысының айтуынша, осы мақсаттарға қосымша 200 млрд теңгені қарастыру керек. Осы орайда бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі.

 Президенттің тағы бір тапсырмасы мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектордың меншігіндені жылжымайтын мүлік нысандарын жалдау бойынша шағын және орта бизнестен төлемдерді алуды тоқтата тұру болды.

 «Қазіргі кезде халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау – негізгі басымдық. Сондықтан осы кезеңде экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнестің еңбекақы қорына ауыртпалығын төмендету маңызды. Бизнестің бұл санаты үшін жыл соңына дейінгі кезеңге бюджеттен тыс қорларға еңбекақы қорынан ұстап қалуды алып тастауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

 Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-ахуалды анықтайтын реттеуші жүйенің «ауқымдылығын» сынға алды.

 «Мемлекеттік реттеу азаматтар денсаулығы мен экологияны қорғауда ғана орынды. Заң және тәжірибе жүзінде болмыстың формаға әсер етуін тексеру керек, дұрыс пайымдау мен мазмұн қатаң заң нормалардан басым түсуі мүмкін. Тексерулерге үш жылға жарияланған мораторий осындай реттеуді таза парақтан енгізуге жақсы мүмкіндік беріп отыр. Жұмысты сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар – сәулет-құрылыс қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, сертификаттаудан бастау керек», – деді Мемлекет басшысы.  

 Президент келесі жыл ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырды. Президент мемлекеттік құрылымдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру – мемлекетке қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде қабылдануы қажеттігін атап өтті.

 «Кәсіпкерлер шенеуніктерден заңсыз қысым көретін болса, прокуратура органдарына батыл түрде шағымдануы керек. Кәсіпкерлікті қолдау – нарықтық табыстың негізгі компоненттерін қамтитын орта бизнеске баса назар аударуды білдіреді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ сыртқы нарықтарға да бағдарлануы тиіс. Оларға экспорттық қолдауды күшейткен жөн. Идеядан бастап нәтижеге дейін шикізаттық қолдауды қаматамасыз ету мақсатында Үкіметке орта шикізаттық емес кәсіпорындарға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыруды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Президенттің айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстың негізгі нәтижесі – 2025 жылға дейін оның ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ға арттырып,  жұмыспен қамтылғандарды – 4 млн адамға жеткізу.

 Мемлекет басшысы салық саясатына жекелей тоқталды, салық саясаты «әр азаматқа түсінікті болуы керек».

 «Бүгінде 40 түрлі салық пен алымдар салынады, әкімшіліктендіру қиындатылған әрі анық мәжбүрлеу сипатына ие. Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық палатасына, депутаттық корпусты тарта отырып, салық кодексі және қосалқы заң актілеріне тексеруді жүргізуді тапсырамын. Мақсат – салықтық міндеттемелерді орындауды түбегейлі оңайлату және салықтар мен төлемдер санын азайту», – деді Президент.  

 Мемлекет басшысы көтерген тақырыптардың бірі АӨК-ты дамытудың жаңа бағдарламасы болды. Еске салсақ, алдағы бағдарламаның мерзімі биыл аяқталады.

 «Үкіметке бизнеспен бірлесіп, алдағы бес жылда АӨК-ті дамыту жөніндегі сапалы, жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Негізгі міндетіміз: әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету; миллиондаған ауыл тұрғынының кірістерінің тұрақты өсуі; еңбек өнімділігінің екі жарым есеге артуы; ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын екі есеге арттыру», – деп атап өтті Президент.

 Жергілікті қамтуға келетін болсақ, ұлттық компаниялардың сатып алулары әлі де ашық жүргізілмейді әрі қатардағы кәсіпкерлер үшін қолжетімсіз.

 «Отандық өндірушілер тізілімі және индустриялық сертификаттар  әзірге жалған кәсіпкерлерге қарсы нақты кедергі бола алмады. Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстарды дайындайды. Сала бойынша баршамызға ортақ міндет – өңдеу өнеркәсібінде бес жыл ішінде өндіріс көлемін ең кемі 1,5 есе арттыру», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер