astana-view

Infokazakhstan.kz бизнесті көлеңкеден шығаруда

2020 жылғы 02 Қыркүйек
3329 просмотров

Өңірлерден алынған мәліметтерге сәйкес 316 300 бизнес өкілі қызметін қайта бастау қажет болатын.

Бүгінде Infokazakhstan.kz  порталы арқылы жұмысты бастауға 335 069 компания өтінім берді, соның ішінде 272 596 компания жұмысқа дайындық актісін алып үлгерді. 

Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облысы сынды өңірлерде өтінімдер саны болжанған көлемнен 2 есе артық түскен.

Мәселен Алматы қаласынан күтілген 20 926 өтінім орнына 50 677 өтінім түсті, Шығыс Қазақстан облысынан 31 752 өтінім тіркелді, болжам бойынша 14 412 өтінім түсетіні күтілген. Маңғыстау облысында 2200 өтінім тіркелетіні жоспарланса, кәсіпкерлерден 5 764 өтінім түсті.

Демек, көптеген кәсіпорын жұмыс бастауға электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін салық органдарына барып, тіркелгенін байқауға болады.

Осы ретте қоғамдастық тарапынан шағымдар түсіп жатыр. Еске салсақ, @infokz_abuse_bot телеграм-боты арқылы санитарлық нормаларды бұзған тарапқа  қатысты шағым түсіруге болады. 

Ұйым жұмысына шағым түсіруге болады, егер: 

1.    Ұйым қызметкерлері санитарлық талаптарды бұзса,
2.    Ұйымға келушілер санитарлық талаптарды сақтамаса,
3.    Нысанда қажетті санитарлық жабдық болмаса,
4.    Немесе сіздің нұсқаңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер