astana-view

Ұлттық банк төлем ұйымдары жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін анықтайды

2020 жылғы 16 Қыркүйек
4036 просмотров

16 қыркүйекте «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасы қаулысының жобасы келіп түсті

 Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі заңын іске асыру мақсатында төлем ұйымдары жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне талаптарды белгілейді.

 ҚР Ұлттық банкі басқармасы төлем ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін көрсетілетін төлем түрлеріне қарай 30 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі мөлшерде белгілеуді ұсынады.

 Бірыңғай позицияны қорыту үшін ҚР Ұлттық Банкінің  Қаулысы жобасымен танысуды сұраймыз. Жобаға түсіндірме жазба қоса берілген.

Ұсыныстарды 20 қыркүйекке дейін a.tazhibaeva@atameken.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.

 Қаулы жобасына сілтеме «Ашық НҚА» сайтында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4876338


Еншілес ұйымдар

Серіктестер