astana-view

«Атамекен» алаңында сұраныстағы дәрі-дәрмекке мониторинг жүргізу және санитарлық паспортты енгізу бойынша цифрлық шешімдер таныстырылды

2020 жылғы 21 Қыркүйек
3948 просмотров

Биыл жаз айларында дәрі-дәрмекке үлкен сұраныс туындады, тапшылық сезілді. Қазақстандықтар қажетті препаратты табу үшін бірнеше дәріхананы аралауға мәжбүр болды

Мұндай жағдай бөлшек саудада дәрі-дәрмектердің бірыңғай базасының болмауы себепті орын алды.

«Атамекен» медицина қоғамдастығы және ІТ-әзірлеушілермен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек және маскалардың қалдықтарын бақылауға арналған ыңғайлы платформаны әзірледі. Жобаға Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі белсенді қатысты. Платформа ерікті, нарық үшін тегін. COVID-19 індеті және өкпе қабынуы ауруын емдеу үшін айтарлықтай сұранысқа ие 30 препарат бойынша олардың дәріханалар мен қоймаларда бар-жоғына мтниторинг жүргізіледі. Егер талдау сапалы жасалып, үнемі жаңартылып тұратын болса, онда жоспарлауды жақсарту арқылы дәрі-дәрмектің тапшылығына жол берілмейді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Тұрғындар үшін де пайдасы болады. Өйткені дәрі-дәрмектің болуы және бағасы жайында онлайн ақпарат беретін дәріханалар тізімі (соның ішінде танымал электронды желілер арқылы) айтарлықтай кеңее түседі.

 Платформа әзірлеушісі, «Учет и управление» ЖШС жетекшісі Виталий Ермоленко бұл платформаны дәріханалар желілері қолданатын кез келген бағдарламамаен біріктіруге болатынын атап өтті.

 «1000-нан астам дәріхана платформаиен жұмыс істеуде, барлық техникалық жұмыстар мен біріктіру аяқталды. Дәріханалар өз деректерін үш әдіс бойынша жібере алады. Біріншіден, агрегаторлар көмегімен («Провизор», «Надежда», «Damumed», «I-teka» және т.б.), барлық ақпарат атвоматты түрде платформаға кетеді де дәріханалар қосымша ештеңе істемейді. Егер дәріхана агрегаторда жұмыс істемесе, деректерді қолмен толтыруға болады. Толтыруға арналған интерфейс өте оңай. Агрегаторлармен жұмыс тегін жүргізіледі. Үшінші әдіс – есептеудің ERP-жүйесі», – деді Виталий Ермоленко.

Егер азаматтар бөлшек саудада нақты бір препаратты білгісі келсе, жергілікті атқарушы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігі үшін өңір ауқымында дәрілердің қалдықтары бойынша ақпарат маңызды. Жергілікті атқарушы органдар үшін платформаның жиынтық талдауы қолжетімді болады.

 Бағдарламада тез реттелетін жолақтары бар конструктор іспетті, жолақтарды толықтыруға немесе алып тастауға болады. Платформада дәріханаларда, өндірістерде және дистрибьютерлерде дәрі-дәрмектер қалдықтары бойынша барлық деректер жинақталған.

 «Қолданушы тізімнен нақты препаратты таңдап, оның өңір бойынша қалдық санын қарай алады. Нақты дистрибьютор бойынша егжей-тегжейлі іздеу жүргізуге болады. Төмен жақта жүргізілген іздеу бойынша есеп қалыптасады есепті сақтап, диаграмма түрінде қарап, компьютерге жүктеп алуға болады», – деді «PharmIT» ЖШС маманы Ария Самбетова.

Платформаны ерікті немесе міндетті түрде толтыру туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, мемлекеттік агенттік нарықты оны толтыруға мәжбүрлейтін құзыретке ие емес, бұл мәселені Ведомствоаралық комиссия қарауына жеткізу керек, ал платформаны пайдалану ерікті болады.

 Жұмысқа неғұрлым көп дәріхана мен дистрибьюторлар жұмылатын болса,  платформадағы ақпарат соғұрлым өзекті болады.

 Жиын барысында басқа ІТ-платформа – InfoKazakhstan.kz сайтын ары қарай қолдану мәселесі көтерілді. Бүгінде онда 330 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген.  Юлия Якупбаева бизнес өкілдері платфоманы жұмыс істеуді жаңартуда белсенді қолданып жатқанын айтты. Сонымен қатар сайт санитарлық дәрігерлердің қаулыларды және локдауннан шығуға қажетті алгортимдерді қамтыған.

 «Карантин аяқталады, ал санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексерулері мен нормалары қалады, өйткені олардың кәсіпкерлердің қызметіне қатысы бар. Кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық паспорт енгізу туралы бастама цифрлық түрде жүзеге асыруға болады әрі қажетті шара. Уақыт өте келе бұл жұмыс тексеруші органдар мен бизнес арасындағы өзара әрекеттерді ашық етеді, ал платформада кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерді байқап, қажет болса ұсыныс, шағым қалдыруға болады. Егер ақылды реттеуді қаласақ – онда субъективті әрі орындау мүмкін емес талаптарды алып тастап, қауіпсіздік қызмет пен адамдардың денсаулығын сақтауға қажетті міндеттерді ғана қалдыру керек», – деді Юлия Якупбаева.

Платформаны әзірлеуші Максим Барышев InfoKazakhstan.kz базасында электронды санитарлық паспортты енгізуге болатынымен келісті.

 «Сервис барынша қарапайым. Бүгінде кәсіпкер ЭЦҚ арқылы растай отырып, деректерді толтырады, жеке кабинетке дайындық актісін алады. Осыған ұқсас санитарлық паспортты алуға қосымша секцияларды қосуға болады», – деді ол.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Марал Рахымжанова платформаны ерікті негізде қолдануды ұсынды.

 «Егер кәсіпкер өзін адал кәсіпкер екенін жариялағысы келсе, оны платформа арқылы іске асыра алады. Бұған қоса жұмысты реттеу, шағымдарды түзегені жайында хабарлау, аталған фактіні растау үшін фото жүктеуге болады. Тағы не істеуге болады? Мысалға, паспортқа бизнестің өткені жайында ақпаратты қоса беру. Әдетте бұзушылықтар салдарынан кәсіпкер компания атауында бір әріпті өзгертеді, ал кәсіпорын сол қалпы жұмыс істейді. Шағымдар бойынша идея жақсы, мәселен, емханаға тексерумен барасың, ғимарат ішінде су бар, бәрі жақсы, ал тексеруші кете салысымен су сорғыны сөндіріп тастайды. Егер осындай шағымдарды көріп отырсақ,  оларға объективті қарап, көптеген бұзушылықтар ашылар еді. Осындай ашықтық жосықсыз шенділер мен кәсіпкерлердің әрекетін тежейтін болады», – деді Марал Рахымжанова.

Юлия Якупбаева санитарлық паспортқа қатысты идея жақсы екенін, жаңашылдық бизнеске кедергі болмауы қажеттігі туралы айтты. Осыған байланысты санитарлық қызметпен бірге санитарлық паспортты енгізуге техникалық міндетті анықтау қажет.

Жиынға қатысушылар санитарлық нормаларды енгізуде пилоттық салалар мен өңірлерді анықтауды, солардың базасында жаңа құралды сынауды ұсынды.

 Сонымен қатар локдауннан фудкорттар, кинозалдар, ойын-сауық парктерді шығару туралы ұсыныстар айтылды. Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары және ірі азық-түліктік емес дүкендерге (құрылыс материалдары, жиһаз, техника) жұмыс беру мүмкіндігін қарастыру көтерілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер