astana-view

«Атамекен» және Мемлекеттік кірістер комитеті баға ақпаратын қалыптастыру механизмін талқылады

2020 жылғы 06 Қазан
4204 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және бизнеспен бірлесіп, отандық кәсіпкерлердің қатысуымен баға жайында ақпаратты қалыптастыру және тәуекелдің бағалық индикаторларын қалыптастыру әдістемелері жобасын талқылау бойынша кезекті жиын өткізді

Кездесу басында Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері өткен аптада жүргізілген бірлескен жұмыстың қорытындысын баяндады.

 «Өткен апта ішінде Комитет ҰКП-мен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізді. Бірінші кезекте бағалық индикаторларды қалыптастыру және бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемелері әзірленді. Сондай-ақ хаттамалық тапсырмалар шеңберінде сайтта сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттарқа жіктеу мәселелері бойынша түсіндіру жарияланды. Бұдан бөлек, кедендік құнды бақылау үшін құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізуде лауазымды тұлғалардың әрекет ету әдістемесі әзірленді. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына ЕЫДҰ елдерінен әкелінетін тауарларға кедендік бас салығын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету, кедендік заңнамаға сәйкес қажетті құжаттар мен мәліметтер пакеті болған кезде тауарларға декларациялауды кедендік құны бойынша жариялауды жүзеге асыру, жоғарыда аталған тауарларға кедендік бақылауды кедендік бақылау сатысынан тауар шығарылғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру бойынша талаптарды қолдаңбау туралы түсіндіру жіберілді. 44 декларацияның гарафасында көрсетілген 09015 кодтағы тауарларға    ҚХР экспорттық декларациясының ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде белгіленген деректермен сәйкес келсе, ҚХР-дан автомобильмен тасымалданатын тауарларға «жасыл дәліз» бойынша кедендік рәсімдеу қарастырылған», – деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеінің тарифтік реттеу және бағалау басқармасының жетекшісі Гүлжанат Алиасхарова.

   Бұдан бөлек, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі жұмыс тобының нәтижесі бойынша елдердің үш тобы құрылғанын айтты, олар: 1) Еуропа елдері, АҚШ, Жапония кіретін «қымбат» елдер, 2) Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, 3) оларға қатысты тәуекелдің бағалық индикаторлары әзірленген ТМД елдері.

 Осы градацияға сәйкес бірінші топ бойынша кедендік баға бақылауы тауардың шығарылуынан кейін, СЭҚ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей жүзеге асырылады.

 Кедендік баға индикаторларына келетін болсақ, мұнда кедендік баға индикаторларының санын қысқарту туралы шешім қабылданды, 6000 индикатордың ішінен шамамен 3 400 индикатор алынып тасталды.

 Өнеркәсіп салаларына арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша импортталатын тауарларға, бірегей және арнайы жабдықтарға, арнайы техникаға баға индикаторларын алып тастау туралы түсінік пайда болды.

 Осы кездесуде баға ақпаратын қалыптастыру және тәуекелдің бағалық индикаторларын қалыптастыру әдістемелері жобаларын талқылау болды. «Атамекен» кәсіпкерлермен бірлесіп, Мемлекеттік кірістер комитетіне  ұсынымдар жасады.

 «Баға жайында ақпаратты  тәуекелдің бағалық профильдеріне барынша жақындату үшін орта немесе орташаөлшемді мәнді қолдана отырып, кедендік құнның ең төмен және ең жоғары мәндерін алып тастау керек.  Дұрыс бағалық ақпаратты және құндық индикаторларды  қалыптастыру үшін модель, таңба, тауар түрі, тауар белгісі, маусымдық, шекарадағы көлік түрі, мәміле шарттары, келісімшарттардың ұзақтығы және жеңілдік деңгейі сынды өлшемдерді қосу қажет. Бұдан бөлек, Әдістемелер жобаларындағы бағалық көздер тізімінен: ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің ішкі нарығында бағалық ұсыныстар, анықтамалықтар туарлы ақпаратты, жедел-іздестіру қызмет нәтижесінде алынған ақпаратты және басқа да көздерді алып тастау керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры-Басқарушы директор Дина  Мамашева.

Барлық ұсыныстар хаттамаға жазылып, Комитет қарауына жіберілді.  

Кездесу соңында Ұлттық палата өкілдері «Атамекен» ұсыныстар жасауға ашық екеніне назар аудартты, кедендік заңнамаға ағымдағы түзетулер бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды d.mamasheva@atameken.kz электронды поштаға жіберуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер