astana-view

Құрылыста отандық тауар өндірушілердің материалдарын қолдану: айыппұл орнына ынталандыру

2020 жылғы 07 Қазан
4028 просмотров

«Атамекен» алаңында Сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне түзетулер енгізу жобасы талқыланды
Отандық құрылыс материалдарды мен жабдықты міндетті қолдану бойынша түзетулер құрылыс саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерге енгізілді. 

Енді сатып алулар келісімшарттарында сырттан әкелінетін материалдарды қолдан мердігерге қатысты келісімшарт сомасынан 5% мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік белгілеу бойынша тармақ пайда болады. Шара «Самұрық-Қазына» сатып алуларына ұқсас жасалды. 

Құрылыс саласында импортты алмастыру маңыздылығы мәселелері Ұлттық палата алаңында бірнеше рет көтерілген болатын, сондай-ақ құрылыс және өңдеу саласы комитеттерінің  бірлескен отырысында бір бизнесті екінші бизнеске зиян тигізіп дамытудың орынсыздығы туралы позиция айтылды. 

Айта кетсек, кәсіпкерлер жауапкершіліктің тағайындалуына қарсы емес, бірақ құрылыс саласындағы бизнес өкілдері бұл шара құрылыс материалдары өндірісінің дамуына қарай кезең-кезеңмен енгізілгенін қалайды. 
«BI-Holding» ЖШС заң бөлімінің жетекшісі Виктор Микрюков бұл түзетулер зерделенбегенін айтты, өйткені құрылысшылар үшін бұл норманың теріс салдары орасан болады. 

«Аталған шаралардың қолдану критерийлері де нақты емес. Құрылыс нысанына келісімшарттар 8% кіріс есебімен кірген мердігер отандық материалды қолданбағаны үшін келісімшарттан 5% мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Келісімшарттан 5 пайыз мөлшеріндегі айыппұл материалдың өзін ауыстыру сомасымен пара-пар емес деп санаймыз», – деді Виктор Микрюков. 

Қазақстан құрылысшылар одағын төрағасының орынбасары Серікжан Мергенбаев отандық материалды қолдануды анықтау бойынша механизм түсініксіз деп санайды. 

«Бұл жемқорлыққа бастайтын норма. Отандық тауар өндірушілердің материалдарын қолдану туралы есептерді өкізуде адами фактор үлкен рөл атқаратын болады. Бұдан бөлек, материалдарды тасымалдау сынды тұстар ескерілмеген, материалдарды тасымалдау да отандық тауар өндірушілер материалдары құнына әсер етеді», – деп атап өтті Серікжан Мергенбаев.

Жиынға қатысушылар құрылыс материалдарын ауыстыру жауапкершілігін тапсырыс берушіге жүктеу мәселесін қарау ұсынды. 

«Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға белгіленген құрылыс материалдарын ауыстыру бастамасы тапсырыс беруші тарапынан болады, демек бұл жауапкершілікті құрылысқа тапсырыс берушіге жүктеген дұрыс болар», – деді Өңдеу өнеркәсібі одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаев. 

 Бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, отандық материалдарды кең қолдануға өндірушілерді ынталандыру шаралары тиімдірек әсер етеді, ал жазалау шаралары ағымдағы жағдайды тіптен қиындатып жіберуі мүмкін. 
 Мердігерлердің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі жоғары бағалар. 

«Қазақстан лифт қызметкерлері одағының» президенті Нұрлан Кенжебаев баға логистикамен есептегенде бәсекеге қабілетті болуы керек. 

«Айыппұлдар болуы керек, өйткені материалдар мен жабдықтарға кеш тапсырыс беру, мердігерлер тарапынан сапасыз және арзан материалдарды пайдалану жағдайлары бар. Бірақ сметаға салынған бағалар нарықтық бағаларға көп жағдайда сәйкес келмейді. Мәселен, бүгінгі таңда мүгедектерге арналған көтеру құрылғылары сметаларда 300 мың теңге көлемінде көрсетілген, бұл бағаға сапасын жабдықты ғана сатып аласың, ал барлық нормативтерге сәйкес келетін жабдық 1 млн-нан астам теңге тұрады», – деді Нұрлан Кенжебаев. 

BI Group Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Қожахметов көп жағдайда отандық жабдық ішінара импорттық бөлшектерден тұратынын, сондықтан отандық өнім шетелдік өнімнен гөрі қымбатқа түсетінін айтты. 
Отандық компаниялардың тағы бір проблемасы – мерзімінен бұрын аванс беру және қойма орындарының болмауы. 

«Отандық өндірушілердің көбі қойманы толтырып, жұмыс істемейді. Материалдарға тапсырыс беруде аванстау мен өндіріс мерзімі маңызды. Бірақ мемлекеттік сатып алулар шеңберінде жеткізушілерге аванс төлеу мүмкін емес. Төлем материал жеткен соң жүргізіледі. Саладағы барлық жағдайды қарастырмай, барлық мәселелерді зерттемей, отандық материалдарды қолданбау үшін айыппұл салу дұрыс емес деп санаймын», – деді «Фирма «Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова. 

Жиын барысында сметалық есептердің нарықтық есептерге сәйкес келмейтінін және COVID-19-дан қорғану құралдарын сатып алуға шығындарды өтеу мәселелері көтерілді. 

«ҚР Қаржы министрлігі бизнес-қоғамдастық пайыздық мөлшерлемені өзі талқылап, ұсыныс беруі керек деп санайды. Тұтастай алғанда біз ұсынылып отырған шараны қосымша талқылап, тараптар мүддесінде теңгерімді сақтауға дайынбыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Арман Мәмбетаев.


Ұлттық палата жүргізген талдау негізінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ әзірлеуші құрылыс материалдарының жекелеген түрлерінің (кірпіш, қиыршық тас, бетон және т.б.) бағаларына сметалық бағалар жинағына өзгерістер енгізді. Осы ретте мамандықтар кескінінде еңбекақы есептеулер, жүк тасымалдары мен құрылыс материалдардың бірқатарына бағалар мәслесі шешілмеді. 

Отандық тауар өндірушілер өнімдерінің тізілімін қоса алғанда, құрылыс материалдары бағаларының электрондық тізілімін қалыптастыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Жиынды қорытындылай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ұсынылып отырған бастамаларды іске асыру үшін бизнес-қоғамдастықты бірлескен оңтайлы шешімдерді әзірлеуге шақырды. 

«Бүгінгі талқылау мәселені егжей-тегжелі қарауды, жеткізілімдер жиілігі, өндірістік қуат, материалдық-техникалық жабдықталу, құрылыс материалдарының бағасы мен сапасын ескере отырып, жобалық-сметалық құжаттамада белгіленген құрылыс материалдарын ауыстыру үшін жағдай жасауды көрсетті. Мәселенің маңыздылығын ескерсек, қатысушылардың позициясын шоғырландыру және бірыңғай шешімді шығару мақсатында бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органға ұсыныстарын кейіннен ұсыну үшін фокус-топ құруды дұрыс деп санаймыз», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер