astana-view

Ұлттық банк кәсіпкерлердің қолма-қол ақша шешуін шектейді

2020 жылғы 16 Қазан
5541 просмотров

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы ҚР Ұлттық банкінің қаулысы және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы күшіне енеді

Бұйрық жобасы және қаулыға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банк шоттарынан  ақшаны алу сомасының келесі шекті мөлшері бекітілді:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

2) орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге;

3) ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге.

 . Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 1-тармағында белгіленген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері микрокәсiпкерлiк субъектiлерiне;  ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;  осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 Ұсыныстар мен ескертепелер мын аэлектронды поштаға қабылданады:  k.sharipov@atameken.kz

Бұйрық жобасы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер