astana-view

Медицинаға арналған цифрлық шешімдер келешегі ҰКП алаңында талқыланды

2020 жылғы 02 Қараша
4496 просмотров

Жиынға қатысушылар денсаулық сақтау саласында цифрлық өнімдерді дамытуда кедергілерді алып тастау арқылы білікті кадрлардың жетіспеушілігі және жалпы медициналық көмектің сапасы проблемасын шешуге болатынын назар аударды

 «Қазіргі кезде денсаулық саласындағы ІТ-қызметтер нарығында 50-ге жуық ойыншы бар. Отандық өндірушілер телемедицина және радиология, PAKs-жүйелері және медициналық-ақпараттық жүйелер, электронды рецептілер, басқа да ІТ-шешімдер мен мобильді қосымшалар салаларында жұмыс істейді.  Бұл ретте заңнамада түйткілдер бар, олар нарықтың дамуына кедергі келтіріп отыр. Сондықтан мәселелер тез шешілуі үшін бүгінгі жиынға өкілетті органдардан екі вице-министрді шақырдық», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева. 

«Есеп және басқару» ЖШС жетекшісі ​​​​Виталий Ермоленко мемлекеттен қаражатты талап етпейтін шешімдерді ұсынды. Бұл өнімдер сынақтан өткен әрі Қазақстан өңірлерінде масштабтауға дайын, олар: ҚР медицинасының цифрлық картасы, электронды рецепт және денсаулық паспорты, сондай-ақ дәріханаларда дәрі-дәрмектерді мониторингілеу жүйесі.

 «Коронавирус инфекциясының ұшығуына қарай Ұлттық палата сұрауы бойынша біз ІТ-шешім әзірледік, жаңа өнім әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер бойынша мемлекеттік органдар, дәріханалар мен халыққа дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты алу, бағаны тексеруге мүмкіндік береді. Өнім нарықтағы барлық операторлармен агрегатталған», – деді Виталий Ермоленко.

Халық сұранысына қарай қажетті препаратты қайдан және қандай бағада алуға болатынын көрсететін формалар бар. Мемлекеттік органдар бағаларды салыстыра алады. Әзірлеушінің айтуынша, жобаны жетілдіріп, кеңейтуге болады. Негізгі мәселе – дәріханалар тарапынан базасы толтыру бойынша міндетті талап жоқ, онсыз картина толық болмайды.

 Юлия Якупбаева базаларды толтыру проблемасы истрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектер қалдықтарын санауда да барын айтты. Бұдан бөлек, бірреттік әкелім (тіркеусіз) бойынша елге тасымалданған препараттар (1500-ге жуық аталым) бойынша проблема бар. Олар бойынша электронды анықтамалық жасалмаған, бағаларды реттеу тәртібі бекітілмеген.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың айтуынша, дәрі-дәрмектерге бағаны реттеу ережесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер Әділет министрлігінде бекітіліп жатыр және оған жақын күндері қол қойылады. Нарықта тіркелмеген препараттардың бағасын белгілеу мәселесі шешілетін болады.

 Жиын барысында «Сапа-Телемед» ЖШС жетекшісі Күлжиян Оразалинова 2016 жылы телекардиографтың сәтті енгізілгені айында хабарлады. Жүйе 5 аймақта жұмыс істейді және операциялық бөлмелерде де, жоғары жылдамдықты Интернетсіз аймақтарда да тиімді екенін көрсетті.  

«Бұл шешім өңірлер және ауылдық жерлерде өте маңызды. Жүйе USB, смартфон, планшет арқылы жұмыс істейді әрі ЭКГ кестесімен автодиагностиканы береді. Бұл медициналық көмекті барлық деңгейлерде біріктіруге және дәрі-дәрмекті арзандатуға мүмкіндік береді. Бізге даму үшін ынталандыру қажет, өйткені медициналық орталықтар үшін деректерді қабылдау жылдамдығы аса маңызды», – деді Күлжиян Оразалинова.

 Тағы бір мәселе – НҚА-да медициналық жабдыққа ескірген талаптар. «Лабмедсервис» ЖШС жетекшісі Рустам Еникеевтің мәлімдеуінше Қазақстанда PACS жүйелерын құруды тежейтін бірқатар мәселе бар.

«Қазақстанда телемедицинаны дамытудың негізгі тежеуіші – ескірген НҚА, өйткені медициналық техниканы жабдықтауға қойылатын минималды талаптарға дәрігерлік пункт, деректерді сақтау жүйелері кірмейді. Мекемелерге жеткізілетін ақпараттық жүйелер дамытуды көздемейді әрпі интеграцяилау мүмкіндігінде шектелген. Медициналық снимоктарды сақтауда да мәселелер бар. Әзірге қандай снимоктарды қанша уақыт сақтау керектігі анық емес. Сонымен қатар екінші пікірдегі (шетелдегі профессорлар, өңірлермен байланыс) қашықтан жүргізілетін консультацияларды жүргізу мүмкін  болмай отыр», – деді Рустам Еникеев.

Өз кезегінде компнаия бірнеше медициналық ұйыммен бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асырды, олар телерадиологияның мүмкіндіктерін оң бағалады.

«FORUS DATA» компаниясы снимоктарды сақтауға арналған өз шешімін ұсынды.

«Біздің жобаны Алматы және Нұр-Сұлтандағы 7 аурахананың дәрігерлері пайдаланады. Алайда команда ылғи тап болатны бірқатар мәсле бар, олар: ауруханаларда заманауи цифрлық медициналық жабдықтардың болмауы, ауруларды диагностикалау жүйелерімен интеграциялау, диагностика мен емдеу хаттамаларына жасанды интеллект технологияларын енгізудің нормативтік базасының болмауы», – деді Рената Ахмад.

Ерлан Қиясов Денсаулық туралы жаңа кодекске сәйкес қоймалар мен  PACS-жүйелерге қатысты ілгеріле барын атап өтті.

 «Әр бағыт бойынша көтерілген проблемаларға, әсіресе регламенттер мен НҚА-қатысты сараланған шешімдер қажет. Біз нарықтағы ұсыныстарды мұқият қарауымыз керек, бәріміз бірге олқылықтарды қарауға дайынбыз, халықаралық тәжірибеге назар аударамыз. Жалпы, шешімдер өте қызықты», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрілнің орынбасары.

 «Техникалық бөлігін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санап шығып, барлық шешімдерді негіздеуі керек, сонда біз жобаларға техникалық қуаттылықтарды беруге дайынбыз. ҚР Цифрлық даму министрлігіне қатысты қызықты шешімдер бар, қолдауға дайынбыз», – деді ҚР Цифрлық даму вице-министрі Абылайхан Оспанов. 

Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруда шешімдерді қарастыратын жобалық топтың бірінші отырысының қорытындысы бойынша қажетті шараларды бірлесіп әзірлеу және НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы келісімге қол жеткізілді.

 Келесі жиын қараша айының екінші жартысында өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер