astana-view

Кейбір әлеуметтік төлемдерге қатысты «0» коэффициентін қолдану мерзімдеріне өзгерістер енгізілді

2020 жылғы 06 Қараша
4199 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы»  ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына жеке кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне  2021 жылдың 1 қаңтарына дейін «0» коэффициентін қолдану мерзімі ұзартуға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлайды

Осы ереже жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.

Қаулы 2020 жылдың 1 қазынан күшіне енеді.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сілтеме

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер