astana-view

«Атамекен» ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ іске асырған жаңа сәтті жоба

2020 жылғы 13 Қараша
4294 просмотров

 «Жанды сабақтар» пилоттық жобасы  «Атамекен» ҚР  ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ арасындағы Туризмді дамыту жөніндегі жол картасы аясында іске асырылды. Жобаны іске асыруға жағдай жасау Үкімет тарапынан жүйелік деңгейде қолдау тапты

 Жобаға Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қаласының 6-8 сыныптарда оқитын 555 оқушы қатысты. Үш бағыт таңдалып, тарих, физика және биология бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Туристік сала өкілдері мектеп бағдарламасы шеңберіндегі экскурсиялар оқу бағдарламасын түрлендіріп қана қоймай, балаларды туризмге тартады деген ойда.

 Пандемия салдарынан топтар 15 адамға дейін қысқарып, ал турлар облыс аумағында жүргізіліп жатқаны туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.

 «Бастапқыда біз Ресейдің «Живые уроки» жобасын негізге алдық, онда мектеп оқушылары бір өңірден екінші өңірге саяхат жасайды. Бұл туған жерді тануда пайдалы тәжірибе, экскурсияларда балалар «дұрыс» турист болып үйрене алар еді. Бала табиғатты ластамау, өрт шығуына, ағаштардың шабылуына себепші болмауды түсініп, қоршаған ортаны қорғап, жақсартуды үйренеді. Бірақ пандемия бұл жоспарымызды бұзды, бюджет балалардың сабақтарда қауіпсіз болсын деп қорғаныш құралдарына бағытталды», – деді Ержан Еркінбаев.

 Нұр-Сұлтанда қашықтықтан оқыту арқылы алынған білім теміржол персоналын бағалау және дамыту жөніндегі оқу орталығында және баламалы энергия көздерінің жұмыс істеу принциптерін көрсететін «Нұр Әлем» болашақ энергетикалық музейінде бекітілді.

 Оқу орталығында сегізінші сынып оқушылары тепловоз қозғалтқышы, турбокомпрессор жұмысымен танысты, цилиндр қозғалысының принципін білді. Балалар арнайы тренажерлар, кабиналарға мініп, машинст, машинист көмекшісі болып көрді.

 «Осы бағдарлама үшін зор алғыс айтамыз. Оған қатыса алғаныма қуаныштымын. Мен пән туралы көп нәрсе білдім, техника жұмысының принципін көрдім. Жоба ауқымды жүргізіліп, біз оның қатысушылары боламыз деген үміттемін», – деді экскурсияға қатысушы.

 «Балаларға бағдарлама ұнады, физикадан бөлек кәсіптік бағдар бойынша сабақ өтті. Көбісі болашақта машинист мамандығын жақынырақ білуге ынта танытты. Жоба арқылы өткен  материалды іс жүзінде көруге болады, балалар материалды жақсы игеріп, емтиханда қиналмайды.

«Сабақтарды өткізуде ең маңыздысы – мектеп бағдарламасымен экскурсияны жоспарлай алатын жақсы гид табу. Бұл мәселе бойынша біз бірнеше мектептің мұғалімдерімен кеңесіп, соның арқасында саяхатқа лайықты нысандарды таңдадық», – деді Gvidon Tour туристік агенттіктің бағдарламалар менеджері Екатерина Бульда.

Мұражай мен оқу орталығы мектеп оқушыларын өз алаңдарында қуана қарсы алды.

«Ауыл балаларына жобаға қатысуға мүмкіндік берген ұйымастырушыларға ризамын. Баламның алған әсері мол. Мұндай жобалар баланың ой өрісін кеңейтіп, пәндерді іс жүзінде игеруге мүмкіндік береді, бізге мамандық таңдауға көмектеседі. Мұндай жобалар көп болуы керек», – деді жобаға қатысқан Полина Мамедованың анасы.

 Алматы қаласы бойынша жобаға биология пәні бойынша қатысуға Алматы облысы мектептерінің 195 үздік оқушысы іріктелді. Айта кету керек, осы өңірде 10 адамнан артық емес принцип бойынша топтар жасақталды. Биология пәні елдегі зообақтың бірінде өтті, онда балалар жануарлар әлемімен танысып, қоректену тізбегі жайында көп ақпарат алды.

 Жамбыл облысындағы 6 сынып оқушылары Қазақстан тарихын зерттеді. Экскурсия барысында балалар Қарахан мен Айша бибі кесенесіне барып, көне Тараз қазба жұмыстарын тамашалады.

«Тарихи орындарды аралау кезінде балалар көптеген пайдалы ақпарат алды. Балалар оқулықтардан оқығандарын өз көзімен көріп-білсе, оқу процесі тиімді болатынына көз жеткіздік. «Жанды сабақтар» жобасының жалғасы болады деп үміттенеміз, – деді Дидара Серкебаева, Жамбыл облысындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

 «Оқушылар Қараханид мемлекетінің мұрасын көрді. Бұл тақырыпты балалар 6-сыныпта оқиды. Ашық аспан астындағы тарихпен танысқан балалар өте риза. Осылайша олардың бойынша патриоттық сезімдер дамып, туған өлкеге деген қызуғышылық артады», – деді «Золотой караван» туристік орталықтың директоры Альбина Веймер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туризм департаментінің директоры Дамиля Құнанова жобаны жүзеге асыру тұрғындар үшін қосымша туристік өнімді қалыптастыратынын және болашақ туристердің экологиялық тәрбиесіне ықпал ететіндігін атап өтті. Экскурсиялар елдегі өндірістік туризмді дамытуға бастама бола алады.

«Ресейдегі «Живые уроки» жобасына ұқсас жобаның туристік нарықта іске асқанын көруге қуаныштымыз. Алынған білімнің толық игерілуі үшін мектеп пәндері өндірістік объектілермен интеграциялануы керек. Мектептерді туристік нарықпен ынтымақтасуға шақырамыз», – деді сказала Дамиля Құнанова.

Пилоттық жоба аяқталған соң «Kazakh Tourism» АҚ бизнес-қоғамдастық және ҰКП-мен бірлесіп «Жанды сабақтар» жобасын басқа өңірлерде іске асыруды қолға алады: сабақтарға арналған орындарды анықтау, оқу бағдарламасымен танысу, сабаққа мұғалімдерді таңдау критерийлерін құру, иллюстрациялар және қосымша материал дайындау.

 Анықтама үшін:

Жобаның тұпнұсқасы РФ Мәдениет министрлігі, Ростуризм және РФ субъектілері – жоба қатысушыларының атсалысуымен іске асырылып жатыр. Екі жарым жыл ішінде «Жанды сабақтар» жобасына Ресей Федерациясының 36 субъектісі қосылды. Жоба аясындағы білім беру экскурсиялар мен турлар Ресей аймақтарының табиғи, мәдени, тарихи, өндірістік және ғылыми әлеуетінің базасында түрлі пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер