astana-view

Ұлттық палата алаңында өзін-өзі реттеу саласындағы сақтандыру мәселелері талқыланды

2020 жылғы 09 Қараша
3036 просмотров

 Кездесуге Қаржыгерлер қауымдастығы, Сақтандырушылар қауымдастығы, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ  бағалау, денсаулық сақтау, қалдықтарды басқару, экоаудит, құрылыс саласындағы сараптама салаларындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар қатысты

 ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Лаура Мерсалимова жиынды алғы сөзбен ашты.

 «Өзін-өзі реттейтін субъектілердің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету жалпы өзін-өзі реттеудің негізі және тауар, жұмыс және қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершіліктің танымал әдістерінің бірі екені бәрімізге белгілі. Міндетті өзін-өзі реттеу бойынша тиісті заңдарда жүктемелі сақтандыруда талап етілетін ең төменгі шарттар жазылған. Осы ретте азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру ерікті өзін-өзі реттеуде де қарастырылған. Осы салада белгілі бір проблемалар мен түсініксіз жайттар бар. Мұндай жағдай ерікті өзін-өзі реттеу дамуына кедергі», – деп атап өтті Лаура Мерсалимова.

Жиын барысында сақтандыру компанияларына, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар және олардың қатысушыларына тиімді болатын бірыңғай сақтандыру өнімін құру мүмкіндігі мәселесі көтерілді.

 Бірыңғай сақтандыру өнім құру туралы сұраққа жауап бере отырып, Қаржыгерлер қауымдастығының директоры Ерлан Бурабаев аталған тақырыпта сақтандыру компаниялары да, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар да тап болып жатқан белгілі бір олқылықтар барын атап өтті.

 «Қазіргі кезде жауапкершілік деңгейін, тәуекел көздерін, олардың параметрлері мен санын анықтай алмай жатырмыз.  Сондықтан, бұл өнім іс жүзінде «тежеліп» тұр. Мәселен, лифтшілердің өзін-өзі реттейін ұйымы бірнеше компанияны біріктіріп отыр, олар өз кезегінде 6 мыңға жуық лифтіге қызмет көрсетеді, сәйкесінше тәуекел саны лифт санына пара-пар. Сондықтан компаниялар саны емес, көлем ескерілуі керек», – деп хабарлады Ерлан Бурабаев.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе сақтандыру үшін өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қойылатын негізгі талаптарға қатысты болды.

«Бірінші кезекте кәсіптік қоғамдастықтарға біз нақты диалог құруымыз үшін олар не үшін жауапты екенін анықтап алғаны жөн.  Осы немесе басқа субъект жауап беретін жағдайлар қандай, сондай-ақ қандай көлемде екенін анықтау қажет. Біз өзін-өзі реттеу саласындағы әлеуетті бағыттарды анықтап, барлық жағдайларды жеке-жеке пысықтауды ұсынамыз», – деп атап өтті Сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкин.

Сақтандыру қауымдастығының төрағасы бағалаушылардың өзін-өзі реттеудегі жауапкершілігі мен сақтандыруы, сонымен қатар өзін-өзі реттеудегі екі сатылы сақтандыру жүйесі мәселелеріне тоқталды. Екі сатылы сақтандыру жүйесі өзін-өзі реттейтін ұйымның жекелеген мүшелерінің сақтандыру төлемдері жеткіліксіз болған жағдайда жетіспейтін соманы өзін-өзі ретттейтін ұйым өз сақтандыруынан өтеуін білдіреді.

 Жиын барысында құрылыс жобаларына ведомстволық емес кешенді сараптама жүргізудің міндетті өзін-өзі реттеуге ауыстыру, ары қарай жобалаушылар, құрылысшыларды міндетті өзін-өзі реттеуге ауыстыру мәселесі көтеріліді. Бұл ретте олардың міндетті сақтандыруға өту мәселесі әр жағдай бойынша жекелей қаралатыны айтылды.

Сонымен қатар жиында өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін – өзара сақтандыру, әр бөлек сала бойынша сақтандыру шарттарының үлгілік формаларын бекіту арқылы қамтамасыз ету мүмкіндігі талқыланды.

 Кездесуді қорытындылай келе сақтандыру қоғамдастығы сақтандыру объектілерін, оның тәуекелдерін сапалы анықтауға, сондай-ақ сақтанушының сақтандыру жағдайды болдырмауға мүдделілігіне назар аударды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер