astana-view

Пәтер иелерінің кооперативі Мүлік иелерінің бірлестігіне ауыса ма?

2020 жылғы 12 Қараша
- Астана қаласы
13041 просмотров

Елорда бизнесі қазіргі Пәтер иелерінің кооперативі орнына ұйымдастырудың жаңа формасы – Мүлік иелерінің ұйымдары шеңберінде көпқабатты үйлерге қызмет көрсетуге қаншалықты дайын? Осы мәселені басқарушы және сервистік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тәуелсіз сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен кездесу барысында талқылады

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрлан Қайыршин Палата осы салада қала бизнесі дамып, қала тұрғындарының игілігі үшін толық жұмыс істей алу үшін осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.

Еске салсақ, 2020 жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде заң қабылданды, оған сәйкес көппәтерлі үйлер қолданыстағы Пәтер иелерінің кооперативі орнына басқарудың жаңа формасы – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе көппәтерлі үйдің қарапайым серіктестігін таңдауы керек. Осыдан кейін МИБ не үйге қызмет көрсету үшін жұмысшыларды өз бетінше жалдап немесе келісімшарт негізінде осы функцияларды сервистік және басқарушы компанияларға беруі керек.

 Заңға сәйкес қала тұрғындары мұны 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін іске асыруы керек. Алайда, бүгінде кездесуге қатысушылардың ортақ пікірі бойынша мұндай өзгерістерге ешкім дайын емес.

«Іс-жүзінде бұл утопиялық шара сияқты көрінеді. Қанша тізім дайындап, әуреленсек те тұрғындар бұл жұмысты іске асыра алмайды. Сондықтан 07.01.21  жыл датасын кейінге шегеруді ұсынамын. Ең болмағанда 2021 жыл ішінде жүргізілсе екен, өйткені 2020 жылы пандемиясы салдарынан жиналуға мүмкіндік болмады», – деді тәуелсіз сарапшы  
 Ержан Исмаилов.

Әрі қарай, Пәтер иелерінің кооперативінен Мүлік иелерінің бірлестігіне көшудің тиімді механизмін қалыптастыру қажет, оның ішінде қазіргі кезде жоқ басқару құжаттарының нақты тізімін жасау қажет.

 «Заңды тұлғаның жаңа формасын ұйымдастыру рәсіміне құжаттар тізімін егжей-тегжейлі көрсету қажет. Сонымен қатар, қала тұрғыны келіп бәрін анықтап, жүгіне алатын бірыңғай алаң жоқ. Барлық мемлекеттік органдар өздерінің түсініктемелерін береді және олар жүгінген кезде олар әр түрлі ұйымдарға жіберіледі, бұл процесс олардың құзыретіне кірмейді деп шағымданады. Тіпті бізде өтініш берудің бірыңғай бланкісі жоқ. Сондықтан тұрғын үйлерді басқару бойынша бірыңғай қызмет құру керек», – деді қаланың белсенді тұрғыны Гуля Әбдірова.

 Тұрғындар да бұл  мәселеге бей-жай қарайды, сонықтан мемлекеттік оргдар да мәселені шешуге, халықа арасында Мүлік иелеренің бірлесітігін құру процедурасына қатысты ақпараттандыру жүргізуге құлықсыз.  

Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарын құру тұрғысынан тағы бір маңызды мәселе  – сервистік және басқарушы компаниялардың, сондай-ақ МИБ төрағасы жұмысының сапасын бағалау болып табылады. Қала тұрғындары басқарушыны компанияны қалай таңдайды? Жұмыстары қалай бағалануы керек? Бұл үлкен мәселе.

 «Мәселен, еден жуушы бір ай бойы еденді жақсы жуып жүрді, алайда оған қатысты осы уақытта 2-3 шағым түсті. Оның жұмысын қалай бағалаймыз? Жақсы әлде нашар дейміз бе? Еңбекақыны 100 пайыз әлде аздау төлеу керек пе?», – деді қатысушылардың бірі.

 IQamal қауымдастығының президенті, ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі Гүлвира Әбетова әріптестерінің дәйекетірмен келісті, осы ретте үйлерге қызмет көрсету үшін маман дайындау қажеттілігі туындайтынын айтты. Бүгінде қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында маман дайындайлмайды. Коммуналдық қызметкерлердің мәртебесін көтеру керек, тіпті коммуналдық жұмысшылар күнін құру керек деп санайды спикер.

 «Бүгінде өкінішке қарай, қызметкерлерімізді марапаттайтын кәсіби мерекеміз жоқ», – деді Гуля Әбдірова.

 Өз кезегінде тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ірі компанияның өкілі олар нарықта 16 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқанны, осы уақыт ішінде қызметкерлерге арналған ішкі нормалар мен ережелер жасалғанын алға тартты. Осыған байланысты олар өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Жалпы, кездесуге қатысушылар үйлерге сапалы қызмет көрсету үшін барлық мәселелерді шоғырландыру және олар бойынша бірыңғай шешімдерді пысықтау, сондай-ақ тұрғын үй секторында қызмет көрсетушілердің бірыңғай тізілімін құру қажет деген пікірге келді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер