astana-view

Сенат кәсіпкерлерге 3%-дық бөлшек салығын енгізу бойынша түзетулерді қабылдады

2020 жылғы 12 Қараша
5065 просмотров

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»  ҚР Заң жобасы қаралып жатыр.

 Осы заң жобасының шеңберінде сенаторлар пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін енгізуді ұсынды.

Осыған байланысты сенаторлар бөлшек салық мөлшерлемесін табыстан 3% мөлшерінде белгілеуді ұсынды. Аталған режимді Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған қызмет  түрлерінің бірін немесе бірнешеуін іске асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қолдана алады.

 Аталағ режим шеңберінде кәсіпкерлерді ҚҚС және әлеуметтік салықтан босату ұсынылды.

 Сенат кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Салық кодексіне басқа да өзгерістерді қарастыруда.

 Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін қолдаудың жаңа құралы – стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу тапсырылды. Бұл келісім  Инвесторлардың қаржылық шығынының бір бөлігін салық төлеуден босату арқылы өтеуді, сондай-ақ жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне салықтық жеңілдіктердің тұрақтылығын қарастырады.

 «Инвестицияның көлемі, мерзімі және жұмыс орнына қарамастан инвесторлар корпоративті табыс салығы, жер салығы, ҚҚС және мүлікке салықтан 10 жыл мерзімге босатылады. Мұндай қадам Президент тапсырмасы және осындай қиын кезеңде жаңа жобаларды іске асыру шеңберінде ел экономикасына инвесторларды тарту үшін қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.

 Осы ретте келісімді мерзімінен бұрын бұзу жағдайында, салық жеңілдіктері және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тұрақтылығының кепілі келісім жасалған күннен бастап жойылады.

 Айта кету керек инвестициялық келісімдер жер қойнауын пайдаланушылар мен акцизделетін тауарларды өндірушілерге қолданылмайды.

Депуттатрдың пікірінше, бизнеске карантин салдарынан өндірістің тоқтап қалуы мен табыстың болмауынан толығымен аяққа тұру үшін көп уақыт қажет болады. Сондықтан сенаторлар салық ауыртпалығын түсірумен қатар, мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары қажет деп санайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер