astana-view

Үкімет дайындаушы ұйымдарға салынатын қосылған қүн салығы мөлшерін субсидиялау мерзімін ұзартты

2020 жылғы 17 Қараша
3422 просмотров

 Шара ары қарай мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 2021 жылға дейін ұзартылды

 «Ұлттық палата съезінің қарсаңында кәсіпкерлер пандемия салдарынан орын алған проблемалар мен саланың жүйелі мәселелерін айтты. Бүгінде бұл проблемалар Үкіметте түйткілді мәселелерді талқылау жөніндегі алаңда қаралуда. Алғашқы кездесу қорытындысы бойынша біз сатып алушы ұйымдардың қызметін қолдау қажеттілігі туралы түсінік таба алдық», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП АӨК-ті дамыту және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры   Ербол Есенеев.   

Енді дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға жататын көкөніс, тірі мал, ет және жемістерді қоса алғанда ауыл шаруашылығы өнімдеріне салынатын ҚҚС салығын субсидиялау мерзімі ұзартылды. 2020 жылы ҚҚС-ты субсидиялау жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін 1 млрд-тан астам теңге бөлінді.

 Сондай-ақ жеке тұлғаның жеке үй шаруашылығынан кіріске салық салуды алып тастайтын норманы 2022 жылға дейін ұзарту,  жеке үй шаруашылықтарынан бюджетті түзету шегін 282-ден 705 АЕК-ке дейін қайта қарау бойынша ұсынысы ет өңдеушілер тарапынан айтылды.

 «Кублей» ЖШС шекті қайта қарау қажетті шара деп санайды.

 «Ірі қара мал немесе ұсақ малды 783 мың теңгеден астам сомада сатуда жеке тұлға келесі төлемдерді (жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы аударымдары, МӘМС) 21% мөлшерінде төлеуге міндетті. Мұндай жайт өңдеу өнеркәсібінің дамуына және ауыл тұрғынының кірісін арттыруға жағдай жасамайды», – дейді компания мамандары.

 Үкімет тарапынан қолдау тапқан шаралар ауыл тұрғындарына өсірілген өнімді дайындаушы ұйымдар мен өңдеуге кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер