astana-view

Ведомствоаралық комиссия «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың COVID-19 індетін таратпауға қатысты бірқатар ұсыныстарын қабылдады

2020 жылғы 17 Қараша
3351 просмотров

Ұлттық палата апта сайын комиссияға пандемия кезінде бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар жібереді. Атап айтқанда, Ведомствоаралық комиссия Ұлттық палатаның қоғамдық көлік жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру туралы ұсынысын қабылдады

  • «Жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.
  • «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.

Биылғы 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес нысандарының қосымша тізімін дайындау тапсырылды. Әзірге уақыт шектеуінсіз келесі нысандар 21 қарашадан жұмысын бастайды:

  • авто-экспресс (тамақты өзімен бірге алып кету),
  • көлік жуу,
  • автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары,тігін шеберханалары,
  • тұрмыстық техника, аяқ киім жөндеу,
  • кір жуу және химиялық тазалау орталықтары,
  •  телефон, компьютер, сағат жөндеу.

 Сондай-ақ, Осы жылдың 21 қарашасына дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық бұзушылықтарын тәртіп бұзушылығының ауырлық дәрежесі бойынша (кішігірім, маңызды, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдау тапсырылды.

 «Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күн мерзімде қызыл аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажет», – делінген Үкіметтің ресми сайтында.  

 Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоқжанов дәрілік заттардың бағасын төмендету, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу, отандық маска өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету кепілдендірілген тетіктерін айқындау және т. б. мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер