astana-view

Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады

2020 жылғы 19 Қараша
5245 просмотров

Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді

Сонымен қатар А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Дереккөз: elbasy.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер