astana-view

«Жасыл», «сары», «қызыл»: эпидемиологиялық ахуалда бизнестің жұмыс істеу критерийлері іске қосылды

2020 жылғы 08 Желтоқсан
9202 просмотров

«Атамекен» ұсыныстары Үкімет жанындағы коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасына енді.

 «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде бизнес қызметін жоспарлай алмайтынын, жұмыскерлерге уақытында еңбекақы төлей алмау және клиенттер алдында міндеттемелерді орындай алмау тәуекеліне ұрынатынын айтты.

 «Бизнес жұмысын мүлде жоспарлай алмайды, өйткені пандемия уақытында аптадан аптаға жұмыс істеп жатыр. Сондықтан «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтар шектеулер бойынша нақты критерийлерге ие екенін түсінген жөн. Мұндай жіктеу кәсіпкерлерге бағдар беріп, нысанның толымдығы және жұмыс кестесінің рұқсат етілген пайызына қарай қызметін жоспарлай алады. Өкінішке қарай, санитралық дәрігерлер әр өңірде әр түрлі жұмыс істейді, осындай жайт бизнес тарапынан наразылық пен түсінбеспеушілік тудырады. Санитарлық дәрігерлермен апта сайын кездесу ұйымдастырып, барлығын жүйелеу қажеттігін айтып келеміз», – деді спикер.

 2020 жылдң 8 айы ішінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер санитарлық нормаларды жүйелеуде біраз тәжірибе жинады. Қолданыстағы шектеу шаралары енді: «жасыл», «сары» және «қызыл» деп үш аймақ санатына бөлінді, әр аймақта  санитарлық эпидемиологиялық ситуацияға қарай шектеулер бар. Мәселен, «жасыл» аймақтағы қалаларда 4 желтоқсаннан бастап жабық нысандағы базарлар, сауда үйлері және сауда-ойын-сауық орталықтарының демалыс және мереке күндердегі жұмысына шектеу алынып тасталып,  сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. 

Фудкорттардан тамақ жеткізу демалыс күндерінде жүргізіледі, облыс аралық жолаушы тасымалдау автобустың 75%-ға толуында іске асады. «Қызыл» аймақта нысандардың жұмысы жұма және демалыс күндері шектелген, ал облыс бойынша қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салынған.

 «Бизнес ситуацияны түсініп, қызметін жоспарлай алады. Бастысы, қазіргі жағдай нашарлап кетпесі үшін бизнес пен халық үшін енді нақты бағдар бар. Егер санитарлық нормаларды сақтаумен заңды жұмыс істеуге рұқсат берілетін болса, онда бұзушылықтар мен негізсіз тексерулерді алдын алуға болады. Жұмыс істеуге санитарлық-эпидемиологиялық ситуация, мәселен, «жасыл» аймақта мүмкіндік берсе, рұқсат берілуі керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Юлия Якупбаева.

«Атамекен» ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, әр аймаққа арналған критерийлерді әзірледі. Ұлттық палата, атап айтқанда, «жасыл» аймақтағы областарда карантин енгізбеуді, клиенттермен ұзақ уақыт бойы байланыс жүргізбейтін бизнес түрлері:  химиялық тазалау, ателье, жөндеу шеберханалары, ТЖО және көлік жуу қызметіне шектеу жүргізбеуді ұсынды. Сонымен қатар сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан сұлулық салондарының жұмысын шектемеу ұсынылды.

 «Қауіпсіздіктің барлық шараларын ұстану және жүктемені сақтауда біз клиенттермен байланыссыз бизнес түрлері – сауда және ойын-сауық орталықтарындағы сұлулық салондары мен мейрамханалардың жұмысын ұзартуды ұсындық.  Бизнес және мемлекеттік органдармен талқылаудан кейін «Атамекен» қолғап кию және қымбат тұратын дезинфекциялық тоннельдерді орнату бойныша талапты мекеменің жеке қарауына қарай ұсынылмалы сипатқа ауыстыруды ұсынды», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Критерийлердің негізгі міндеті – адамдар ағынын реттеу. Сондықтан нысандардың жұмыс уақытын ұзарту қажетті шара. Юлия Якупбаеваның пікірінше, шекарадағы екі «жасыл» аймақта сауда және ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар жұмысына қойылған санитарлық талаптарда айырмашалық болуы орынсыз.

 «Сондай уақытта тұрғындар көрші өңірге бара бастайды. Жұмысы тоқтап тұрған салалар (караоке, тойхана, бильярд, барлар) туралы ұмытпаған жөн, Бұл салалардағы кәсіпкерлер қандай қолдау алатындарын, ұжымға не айтуы керек, қызметке рұқсат алу қашан болатынын білуі қажет. Осы мәселелер жайында үкімет алдында бірнеше рет айтқан болатынбыз, ұсыныстарымыз назарға алынды. Ведомствоаралық комиссия отырысында қызметті шектеу критерийлері мақұлданды», – деді спикер.

 Сөз соңында Юлия Якупбаева жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге әлі де тыйым салынғанын кәсіпкерлердің есіне салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер