astana-view

Мәжіліс экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады

2020 жылғы 25 Желтоқсан
5563 просмотров

Мәжіліс Сенаттың экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі заң жобасына енгізген толықтырулар мен өзгерістерді мақұлдады. Келесі кезең – Мемлекет басшысының қолтаңбасы

 Еске салсақ,  заң жобасы 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген және ел экономикасының сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 Заң жобасының нормалары бұл әлеуетті серіктестер туралы сенімді ақпарат алу және контрагенттің экономикалық жағдайымен және оның сенімділік дәрежесімен байланысты іскери тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін  «Бизнес-серіктестер тізілімін» құруды қарастырады.

 Сонымен қатар заңды қабылдаумен «бірыңғай терезі» қағидаты бойынша «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын енгізуді қарастыратын түзетулер енгізіледі. Оларды орындау Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырумен байланысты.

Атап айтқанда, «Бизнеске арналған үкімет» – жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе.

 Түзетулерді қабылдаумен инвестцииялық заңнаманы тұрақтандыру бөлігінде заңнамалық деңгейде Инвестцииялар туралы келісім енгізіледі, онда инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды беру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ оларды өзгерту мен тоқтатудың мерзімі, тәртібі мен шарттары анықталады. Тұтастай алғанда, заң жобасы 85 заң акітісне өззерістер енгізуді қарастырады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер