astana-view

БҚО Кәсіпкерлер палатасы ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуда

2021 жылғы 14 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6688 просмотров

Бүгін БҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұржан Мақсотов онлайн режимінде РФ Волгоград облысы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Вадим Ткаченкомен іскерлік кездесу өткізді. Бейне байланыстың мақсаты – қолданыстағы байланыстарды нығайту және бизнестің әр түрлі салаларында ынтымақтастықты дамыту

 Қазіргі уақытта БҚО және Ресей Федерациясының 5 шекаралас субъектісімен ынтымақтасуы этномәдени және туристік, көліктік-логистикалық жүк тасымалдау және жолаушылар тасымалы бағыттарына байланысты, жануар, құс және балық шаруашылығына қажетті құрама жем өндірісін ұйымдастыру бойынша кооперация құру ұсынылды. Нақты Волгоград облысымен мал шаруашылығын дамыту және БҚО-дан мал шаруашылығы өнімін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Волгоград облысы БҚО-ның Жәнібек ауданымен шектеседі, Қазақстан-Ресей шекарасында екіжақты өткізу пункті бар. Өткізу пунктінің инфрақұрылымы жақсы жабдықталған.

2020 жылы БҚО мен Волгоград облысының аумағында 780 тонна бидай, 22 млн куб м техникалық су импортталған. Ауыл шаруашылығы жануарларды экспорттауға тыйым салынбай тұрып, БҚО-дан Волгоград облысына 12684 бас/1775 тонна ірі қара және 7982 бас/160 тонна ұсақ мал экспортталған.

 БҚО Кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігінше, екі тараптың тиісті уәкілетті органдары мен ұйымдары арқылы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының бизнес қауымдастығын кәсіпкерлік қызметті дамытудың мүмкіндіктері мен болашағы туралы хабардар етуге мүдделі.

Волгоград облысы мал сатып алуға қызығушылық танытуына байланысты ӨКП директоры ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамыту туралы хабарлады.  

 «МясоДел» және «Кублей» сауда маркалары ҚР аумағы мен шетелде танымал.   Облыста мал шаруашылығының барлық өнімдерін (ет, сүт, жүн, тері, сүйек, қан, кәдеге жарату) өнеркәсіптік өңдеу жүзеге асырылады. Мал шаруашылығы өнімдерінің барлығы облыстан тыс жерлерде сатылады.

БҚО кәсіпкерлер палатасы екі облыстың кәсіпкерлік субъектілері арасында сауда-экономикалық қатынастар орнату үшін БҚО-ның отандық өндірушілерінің тізілімін Волгоград облысының СӨП-не жіберуді ұсынады.

 БҚО Кәсіпкерлер палатасы екі өңірдің кәсіпкерлік субъектілері арасында сауда-экономикалық қатынастар орнату мақсатында отандық тауар өндірушілер тізілімін Волгоград облысы сауда-өнеркәсіп палатасына жолдамақ.

Осы форматта Өңірлік палата Орынбор, Самара, Саратов және Астрахан облыстарының Сауда-өнеркәсіп палаталарымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер