astana-view

Фармацевтика нарығы дәрі-дәрмектерге шекті бағаны анықтаудың жаңа регламентімен келіспейді

2021 жылғы 21 Қаңтар
9112 просмотров

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қарсы дәрілік заттарға жаңа шекті бағалар белгіленген бұйрығы күшіне енді. Құжатқа сәйкес препараттардың 370 позициясы бойынша шекті бағалар 30-40%-ға төмендетілген

 Аралық кезеңнің қарастырылмағаны себепті дәріханалар мен дистрибьютерлер қиын жағдайға қалды, енді олар осыған дейін қымбат бағада алынған препараттарды енді ең төмен шекті бағада сатуға мәжбүр. Іс жүзінде бизнес дәрі-дәрмекті өзіндік құннан төмен бағада сатып, шығынға батуы керек. Кәсіпкерлердің шығындануы жүздеген миллион теңгені құрауы мүмкін. Осы ситуацияны талқылау үшін Ұлттық палата алаңында фармацевтика саласы мен мемлекеттік органдардың 200-ге жуық өкілі жиналды.

 «Дәрі-дәрмектер нарықтан кетіп жатыр, жеткізілімдерді іске асыру мүмкін емес, біз ковидке қарсы дәрілік заттардың тізіміндегі қисынды түсінбейміз. Ковидке қарсы дәрілік заттар тізіміне жақпа майлар, көз тамшылары енген, олар ковидке қарсы ем бола алмайды. Қоймаларда бар барлық препараттардың ескі бағада сатып алынған, яғни олар ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша бағалардан 40 пайызға жоғары бағада сатылуы тиіс. Бұл препаратты жаңа бағада сату – шығынды екенін бәріміз түсінеміз. Біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Фармецетика қызметін  қорғау және дамыту агенттігіне жазбаша өтінім жібердік. Мемлекеттік органдардан өтпелі кезең сұраймыз, осы аралықта ескі бағадағы дәрі-дәрмектердің қалдығын өткізіп аламыз. Екінші өтініш шығынға бұйрық шығару, өйткені онда тамшылар, жақпамайлар, антибиотиктер, гормоналды және стационарлы дәрілер бар, оларды дәрігердің бақылауымен қолдану керек», – деді эмоцияға беріліп ҚР Фармацевтика қызметін қолдау мен дамыту агенттігінің президенті Марина Дурманова.

ҚР фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторлары қауымдастығының жетекшісі Науан Жанғабылов әріптесін қолдады. Оның айтуынша, ұсынылған шаралар дистрибьюторларға өндірушілермен келіссөз жүргізіп алуға уақыт береді.

«Бұл шара бізге көмектеседі, өйткені әлемдік сұраныс жағдайында барлық өндірушілер дәрі-дәрмектерді осындай арзан бағамен жеткізгісі келмейді. Белгіленген бағаларға сәйкес жеткізушілер жұмыс істеуден бас тартқан жағдайда, бірқатар дәрі-дәрмектер сөрелерден жоғалып кетуі мүмкін», – деді спикер.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева аталған бұйрықты әзірлеу кезінде реттеушілік әсер талдауы жүргізілмегенін, ковидке қарсы препараттардың тізімі сараптамалық қорытынды жасауға ҰКП-ға келмегенін айтты.

«Егер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сенсек, онда бізді «қаһарлы» наурыз айы күтіп тұр, қазақстандықтар індеттің өршуі туралы хабарламадан кейін дәрілерді жаппай сатып ала бастайды. Осы ретте бізде нарық шағын екенін, бізге тиімсіз бағада препарат алып келуге ешкім құлшынбайтынын ескерген жөн. Біздің міндетіміз – тепе-теңдікті сақтау: дәрі-дәрмектің нарықтан жоғалып кетуіне жол бермеу, халықты өмірлік маңызды дәрі-дәрмексіз қалдырмау және баға мәселесін реттеу. Қисындылық  қарапайым – дәрі-дәрмектердің сөреде тұруын тек дәріханалар қамтамасыз етпеуі керек. Халық ауруханалардағы заттарды дәріханалардан іздемеуі керек. Антибиотиктер мен гепариндер рецепт бойынша беріледі, демек, олар тегін медициналық көмек аясында болуы керек», – деді Юлия Якупбаева.

Дәріханалар нарығы бүгіннен бастап халық пен мемлекеттік органдар препараттардың қалдықтарын ескі бағамен сатқаны үшін айыппұл сала бастайды деп алаңдайды.

 «Жаз айларында біз шекті бағаларға байланысты жағымсыз жағдайға тап болдық. Адвокат және ҰКП өкілдерімен бірлесіп, біз 425 дәрі-дәрмектің бағалық шегін талдап, әртүрлі баға саясатына тап болдық. Осылайша «Терфалинс спрейі» препаратында үстеме болмаған, ал Борисов зауытының анальгин таблеткаларында 534% дейін үстеме болған. Жалпы алғанда, талдау көрсеткендей, Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер арасындағы максималды қосымша көрсеткіш 801%-ды құрады. Реттелмеген баға саясатының салдарынан жазда тек Алматыда 200-ге жуық дәріханаға айыппұл салынды», - деді Алматыдағы дәріхананың өкілі.

 Өткен жылы «Атамекен» IT-қоғамдастығымен бірге дәріханалар және дистрибьюторлардағы дәрі-дәрмектерді онлайн бақылау платформасын іске қосты. «Ксарелто» препаратына қатысты мәліметтерді зерттегеннен кейін, 2020 жылдың қазан айынан бастап қоймалардағы дәрі-дәрмектің күн сайын азаюы анықталған. Сонымен бірге, кездесу барысында «BAYER», «Sanofi» компанияларының өкілдері жаңа бағаларды ескере отырып, «Ксарелто», «Клексан» және «Фраксипарин» дәрі-дәрмектерінің жеткізілімі қазірдің өзінде төмендетілгендігін ескертті.

 Жиынға қатысушылардың пікірінше,  дәрі-дәрмектердің қолжетімді болуы келесі шаралар арқылы қамтамасыз етілуі тиіс:

 - дистрибьюторлар мен дәріханалардың қоймаларындағы дәрілік заттардың қалдықтарын цифрлық құралдар арқылы бақылау;

- стационарлық және амбулаториялық-емханалық деңгейде дәрі-дәрмектерге қажеттілікті сапалы жоспарлау;

- тегін дәрі-дәрмектерді беру, өйткені COVID 19 індетін емдеу кепілдендірілген медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.

 Сәйкес позицияны Ұлттық палата уәкілетті органдарға бірнеше рет жолдаған болатын.

 «Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігін нарық өкілдерінің аталған бұйрық әрекетін тоқтату және ілеспе тәуекелдерді болдырмау мақсатында бағаларды реттеудің кешенді тәсілдерін әзірлеу туралы ұсыныстарын қарастыруды сұраймыз», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отысында CОVID-19 індетіне шалдығу көрсеткіші наурыз айында тәулігіне 3-9 мың науқас деңгейінде болатынын болжады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер