astana-view

Қызылордада жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасымен 209 сертификат берілді

2021 жылғы 16 Ақпан
- Қызылорда облысы
5758 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Кәсіпкерлер палатасымен жергілікті өнімдерге экспорттық, ішкі айналым және индустриалды сертификаттар  рәсімделеді. Жыл басталғалы 1,5 ай ішінде Палата мамандарымен бизнес өкілдеріне 209  сертификат берілген. Оның ішінде 201 экспортқа, 7 «СТ-КЗ» формалы ішкі айналымға,1 индустриалды сертификаттар рәсімделген.

«Алынған сертификаттарға жасалған талдау қызылордалық кәсіпкерлердің жыл басынан бері шет елдерге күріш, балық өнімдерін, мұнай, ванадий рудасын, кальций молибдатын, кварцтық құм, цементті экспорттап жатқандығын көрсетіп отыр. Аталмыш өнімдер Ресейге, Беларуссияға, Өзбекстанға, Украинаға, Тәжікстанға, Әзірбайжан мен Қырғызстанға, Монғолияға, Қытайға, Тайваньға, Латвия мен Швейцарияға жеткізілуде», - дейді Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Ал «СТ-КЗ» формалы сертификаттар ірі қара мал етіне, шұбатқа, шыны пластик құбырларына, мұнай өндіруге бағытталған құрылғыларға, арнайы өңдеу жиынтығына (аэрозоль генераторы), газ тәріздес және медициналық кислород пен азотқа рәсімделген. Сертификаттар «Ысамаддин», «Атабас» шаруа қожалықтарына, «Новомет-Казақстан», «Өркен Әлем», «Меркур-СтройСервис», «Композиттік құбырлар зауыты» ЖШС-теріне берілген.   

Биылғы жылдың алғашқы индустриалды сертификатын «JSoft» ЖШС алған. Аталмыш мекеме компьютерлік бағдарламалық жасақтаманы пайдалану құқығына лицензия беру бойынша қызметтер  мен ақпараттық жүйені құру (дамыту) жұмыстарымен айналысады.

Айта кету керек, 2020 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасынан бизнес өкілдері 1377 экспортқа, 113 «СТ-КЗ» формалы ішкі айналымға және 9 индустриалды сертификат алған. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 25 пайыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер