astana-view

Жер мәселесі

2021 жылғы 26 Ақпан
- Маңғыстау облысы
8149 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10 бабының 2 тармағына сәйкес бизнес субъектілері Ақтау қаласының қала маңы аймағының жер учаскелерін жеке меншікке сатып алу кезінде төлемақының базалық ставкаларының екі есе көбейту бойынша қолдану тәжрибесіне талдау жүргізді. Яғни, Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары және Мұнайлы ауданының Дәулет, Маңғыстау, Атамекен, Батыр, Қызылтөбе ауылдары бойынша. 
Бүгінгі күні схемада көрсетілгендей Мұнайлы ауданының Дәулет және Қызылтөбе ауылдары мен Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылы Ақтау қаласымен шекаралас емес.
Ал, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылы мен Мұнайлы ауданының Батыр және Маңғыстау ауылдары Ақтау қаласымен шекаралас жерлері болғанымен, қашықтықта орналасуына байланысты оларды қала маңы елдімекендерінің қатарынан алып тастау қажет деп есептейміз.
Аталған мәселенің өзектілігі ескеріле отырып, өңірлік проблемалар Тізіліміне еңгізіліп, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің күн тәртібінде қаралды. Жиынның қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының аппарат басшысына хат жолданды.
Алайда, Атамекеннің бұл ұсынысы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау таппады.
Осыған байланысты Палата, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі №887 қаулысымен белгіленген Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қала маңы аймағының шекарасын қайта қарауды және тиісті өзгерістер енгізуді сұрап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер