astana-view

Юлия Якупбаева: «Фармацевтика қоғамдастығы тәжірибе алмасуда форумдармен шектелмеуі тиіс»

2021 жылғы 05 Наурыз
8135 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Еуразиялық фармацевтикалық форум барысында ЕАЭО елдерінің бизнес өкілдеріне ортақ алаңда тәжірибемен бөлісу және түйткілді мәселелерді талқылауды ұсынды. Мұндай алаңды «Атамекен» ҚР ҰКП ұсынуға дайын

 Юлия Якупбаева дәрі-дәрмек құралдарының қолжетімдігі үшін күресте ЕАЭО мемлекеттері түрлі құралдарды қолданатынын, нәтижесінде Одаққа мүше мемлекеттерге қосымша кедергілер туындайтынын атап өтті.

 «Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің стратегиялық салаларының бірі, және мемлекет қолжетімділік үшін күрес жүргізуде түрлі құралдарды қолданады. Азаматтардың қорғалмаған санаттары үшін әлеуметтік трансферттер, әлеуметтік карталар, тегін дәрі-дәрмектердің тізімін кеңейту, бағалық реттеу осындай үдерісті халықаралық практикада көріп отырмыз. Бұл үдеріс халықаралық кеңістікте ғана емес, Одақ ішінде де сондай», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Соның нәтижесінде Одақ елдерінде бірдей дәрі-дәрмек бойынша балалардың талдауы түрлі шығады, өйткені бәрінде қолдау шаралары мен өндіріс деңгейі түрлі, кейбір елдерде субсидиялар қарастырылмаған. Кейбір фарм-қоғамдастықтардың ортақ нарыққа дайын болмауы жағдайды қиындатуда. Қазақстан осы олқылықтардың бәріне тап болды. Таңбалау, салық салудың жаңа талаптарын енгізу (ҚР аумағында) және Одақ талаптары бойынша дәрі-дәрмекті тіркеу ережелерін енгізу де препараттардың қымбаттануына әкеледі.

 Осындай жағдайды реттеу үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі бизнеске диалог форматын бірмаша өзгерту керек. Юлия Якупбаеваның пікірінше, бүгінде  диалог бизнес – мемлекет (В2G) схемасы бойынша құрылуда, нәтижесінде қалған мәселелерге бизнес реттеуші көзқараспен ғана қарайды.

 «Біз осы модельді қайта құрылымдауды ұсынамыз, бізде талқыға салатын тақырыптар бар, мәселен, тіркеу, таңбалау мәселелері, цифрлық технологиялар, үздік практикаларға ауысу, клиникалық және клиникаға дейінгі базаларды дамыту және т.б. «Атамекен» біз мәселелерді «бизнес-бизнес» механизмі бойынша түйткілдерді талқылай алуымыз үшін алаң ұсынуға дайын. Өз елдеріміз ішінде қалай дамытып жатқанымыз туралы көп айтуға болады, бірақ жиналған білім және тәжірибемен форумдарда емес, іс жүзінде бөлісудің кезі келді», – деді Юлия Якупбаева.

Анықтама үшін:

Қазақстанның 2021 жылы ЕАЭО-ға төрағалық етуі біздің елге биылғы жұмыс бағытын айқындау құқығын берді. Басты назарда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, ЕАЭС ішкі нарығындағы кедергілерді жою, трансшекаралық көлік күре жолының және логистикалық хаб әлеуетін пайдалану, цифрландыру, сондай-ақ ЕАЭО келісімшартын іске асыру және ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикасына интеграциялық процестердің ықпал етуі болмақ.

«Атамекен» ҚР ҰКП биыл ЕАЭО Іскерлік кеңесіне төрағалық етеді.

 Іскерлік кеңес 2015 жылы ЕАЭО шеңберінде интеграциялық үдерістерді кеңейту және ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бизнестің ортақ ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер