astana-view

Түйіндеме өткізудегі лайфхактар және оффер алу үшін әңгімелесуге қалай дайындалу керек?

2021 жылғы 12 Наурыз
- Маңғыстау облысы
8077 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында колледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған "Түйіндеме өткізудегі лайфхактар және оффер алу үшін әңгімелесуге қалай дайындалу керек?" тақырыбында онлайн вебинар өтті.

Кәсіпкерлер Палатасының аталмыш вебинарды өткізудегі бастамасын "Hirebee" Халықаралық мансап платформасы қолдады, ол Кремний алқабындағы акселерация бағдарламасының Қазақстандағы алғашқы жеңімпазы болып табылады және бүгінгі күні платформа Орталық Азия елдерінде қарқынды дамып келеді. Вебинар қатысушыларымен "HireBee Kazakhstan"мансапты дамыту платформасының жетекшісі Индира Мадьярова өз тәжірибесімен бөлісті.

Вебинарға студенттер ғана емес, аймақ кәсіпкерлері де қызығушылық танытты.

Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Назгүл Сарбаева бұл тақырып оқу бітіргеннен кейін жұмыс іздейтін колледждер мен жоғары оқу орындарының болашақ түлектері үшін ғана емес пайдалы екенін атап өтті: "кәсіпкерлерге, жұмыс берушілер ретінде де еңбек нарығының үрдістерін білу, ізденушілердің түйіндемелерін қандай критерийлер бойынша бағалау, әңгімелесуде қандай сұрақтар қою керек және дұрыс шешім қабылдау үшін бос орынға идеалды үміткерден не күту керек. Сонымен қатар, бүгінгі вебинар ішінара желі алаңына айналды, онда біздің аймақтың оқу орындарының қызметкерлері Халықаралық мансап платформасымен іскерлік байланыс орната алды".

Вебинарға қатысушылардың бірі Қайрат Сапаров, Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Мансап және кәсіптік бағдар беру орталығының жетекшісі. Ш.Есенова вебинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті: "Спикер өзінің тұсаукесерін көрсетуден басқа, түйіндемені құрастырудағы барлық нюанстарды егжей-тегжейлі түсіндірді және табысты түйіндеменің үлгісін көрнекі көрсетті. Сұхбатта өзін қалай ұстау керектігін, soft skills (икемді дағдылар) дамытудың маңыздылығы туралы айтып, түйіндеме жасау және жұмыс іздеу үшін пайдалы ресурстармен бөлісті".

Онлайн вебинарды Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://aktau.atameken.kz/ru/pages/675-razvitie-chelovecheskogo-kapitala


Еншілес ұйымдар

Серіктестер