astana-view

«Атамекен» ҰКП Бірыңғай байланыс орталығының бір апталық жұмысына шолу

2021 жылғы 11 Сәуір
4955 просмотров

 

Бір апта ішінде (2-8 сәуір аралығы) «Атамекен» ҰКП Бірыңғай байланыс орталығына 4404 қоңырау мен 576 What’s App-хабарлама келіп түскен

 2903 қоңырау немесе келіп түскен өтінімдердің 66%-ы «Атамекен» оқу бағдарламаларына қатысты. Соның ішінде 2855 қоңырау «Бастау Бизнес» жобасының басталуы және жобаға қатысуға байланысты.

341 кәсіпкер infokazakhstan.kz платформасындағы жұмыс мәселесі бойынша қоңырау шалған. Өтінішті қалай беруге болады, жіберілген өтініштің статусы жайын 39 адам сұраған. «Ashyq» қосымшасы (жалпы консультация, QR-код алу алгоритмі) жайында 302 кәсіпкер ақпарат алған. Айта кетелік, осы тақырыпқа қатысты сұрақтар көлемі екі есе азайған. Өткен аптада 795 қоңырау тіркелген.   

 168 адам кіріс құжаттардың жағдайы – хат кімге жолданды, орындаушымен қалай хабарласуға болатынын сұраған.

 Байланыс орталығына жалпы ақпарат алу сипатында 150 қоңырау түскен – ҰКП немен айналысады, кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетеді, қандай жобаларды қолдап, жүргізеді, жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары немен айналысатыны жайында ақпарат алған.

 Өткен аптада байланыс орталығына 144 қоңырау қаржыландыру мәселесіне қатысты болған. Бизнесмендер және бизнес жетекшілері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант алу, 200 АЕК-ке дейін қайтарымсыз грант алу шарттарын, сондай-ақ субсидиялау және жылдық 6 пайызбен несиелеу шарттарын сұраған.

 Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының байланыс деректерін іздеп, мәлімет сұрап 109 адам хабарласты. Әсіресе өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП – 64 қоңырау, Алматы қаласы ӨКП – 17 қоңырау және Түркістан облысы ӨКП жайында – 8 қоңырау келіп түсті.

 Тауардың шығу тегі сертификаты жайында 61 қоңырау тіркелді. Атап өткенде СТ-КЗ, СТ-1, ИС алу, тауарға жөнелтпе құжатты рәсімдеу және Отандық тауар өндірушілердің тізіліміне қосылу туралы ақпарат берілді.

 Аптасына 58 рет салық мәселелері көтерілген (декларациялар, ЭШФ, салық салу түрлері, осы мәселелерде білікті мамандардың жеке деректері).

 «g4b.kz Бизнеске арналған үкімет» платформасында жұмыс бойынша көмек алу – бизнес-жоспар құру, есептілікті тапсыру, келісімшарт жобаларын әзірлеу, өтініш берушілердің есептік аккаунттарын бұғаттан шығаруға өтініш беру – 57 қоңырау.

56 адам ҰКП мамандарынан бизнес мәселелеріне қатысты заңгерлік көмек сұрады.

 49 қоңырау бизнеске сервистік қолдау көрсетуге қатысты болды.

27 адам Бас санитар дәрігерінің қаулыларына сәйкес нысандар жұмыс режимін түсіндіруді сұраған.

19 өтініш беруші форс-мажорлық жағдай туралы және экспорт-импорт мәселелері бойынша консультациялар қажет болды.

Сатып алу ережелері бойынша 15 қоңырау (мамандардың байланыс телефондарын аймақтар бойынша сұрату, мемлекеттік сатып алулар/тендер бойынша кеңестер). Дәл осынша өтінім –  жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары бойынша тіркелді.

5 рет мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттеріне қатысты қолдау сұрады, сондай-ақ ӨКП (Нұр-Сұлтан –1, Алматы – 1, БҚО – 1) қызметкерлері әрекеттеріне 3 шағым түсті.

 Назар аударыңыздар, алаяқтар! «Атамекен» ҰКП қызметкерлері атынан хабарласып: «Бастау Бизнес» бойынша грант ұтып алдыңыз, енді рәсімдеуге қаражат аудару керек» деп  сұрағаны жайында бірыңғай байланыс орталығына 6 қоңырау келіп түскен. Тағы да айтамыз: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолдаманы Жұмыспен қамту орталықтары береді, ҰКП азаматтарды ТЕГІН оқытады, сондай-ақ гранттар бойынша ешқандай ұтыс жүргізбейді!

 What’s App желісіне келіп түскен өтінімдердің басым бөлігі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға қатысты болды (576 өтінімнің 398-і). 49 өтінім – «Ashyq» қосымшасы бойынша, қалғаны байланыс деректерді іздеуге қатысты.

 1432 –   «Атамекен» ҰКП Бірыңғай байланыс орталығы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер