astana-view

Бастау Бизнес: Жамбылда жобаға үміткерлер ұзын-сонар кезекке тұрды

2021 жылғы 19 Сәуір
9765 просмотров

Бүгін жамбылдықтар «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының алдында «Бастау Бизнес» жобасына қатысу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Себебі жобаға қатысқысы келетін тұрғындар көп болған

Елімізде 19 сәуірде сағат 09.00-де «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, кәсіп тілін үйрену үшін atameken.co порталында өтініш қабылдана бастады. «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыганың айтуынша, Жамбыл облысында бірінші лекке қатысқысы келетін тұрғындар көп болған.

«Өтініштерді сағат 9.00-ден бастап қабылдай бастадық. 19 сәуірдегі жағдай бойынша 2,5 мыңнан аса өтініш түсті. Биыл жобаға қатысушылар 6 лекке бөліп оқытылады. Сондықтан келесі лекке қабылдау 17 мамырда ашылады. Биыл Жамбыл облысы бойынша 4 мың адам оқиды деп жоспарланған. Қазір 924 өтінім түсті. Бірақ бірінші лекке тапсырып үлгермегендер, екінші лекке қатысуға өтінім жібере алады», - деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыга.

Сондай-ақ Қарағанды облысы мен Алматы қаласының тұрғындары да «Бастау Бизнес» жобасына қатысуда белсінділік танытқан.

Анастасия Шандрыга қандай жағдайда үміткердің өтініш қабылданбайтынын түсіндірді.

«Қатысушы құжатын, яғни Жұмыспен қамту орталығының анықтамасы және жеке куәлігін дұрыс жүктемесе, өтініші қайтарылуы мүмкін. Үміткер сол күні құжаттарын дұрыстап, қайта өтінім жібере алады. Егер топқа қабылдайтын адам саны толық болса, онда келесі лекке қатысуға болады», - деді ол.

Департамент директоры биылғы үміткерлер бизнес жобаларын сәтті қорғаса, 6 % мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік болатынын атап өтті.

«Биыл «Бастау Бизнес» жобасына жаңа тәсілдер енгізілді. Оқыту шағын несие берумен байланысты жүргізіледі. Осыған орай «Атамекен» ҰКП микроқаржы ұйымдарының желісін ұлғайтып жатыр. Сонда жобаға қатысушылар оқуды аяқтағаннан кейін 6 % мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ала алады. Сондай-ақ биыл қатысушылар кәсіпті бастаумен қатар, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша мамандандырылған дағдыларды үйренеді», - деді ол.

Сонымен қатар, қатысушылар Жұмыспен қамту орталығында 200 АЕК көлемінде грант алу конкурсына қатыса алады.

Биыл республика бойынша «Бизнес Бастау» жобасы бойынша барлығы 30 мың адам оқытылады. Оның кем дегенде 30 пайызы бизнесін ашады.

Оқу 26 сәуірде басталады. Осы жылы барлығы 6 лек болады, яғни үміткерлер әр ай сайын –  сәуірден қазанға дейін білім алады. Оқу ұзақтығы – 21 күн. Пандемияға байланысты биыл оқу арнайы әзірленген "Atameken Academy"  платформасында онлайн форматта жүргізіледі.

Оқуға қатысуға ниет білдірушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, анықтама алуы қажет. Содан кейін https://atameken.co/ сайтына тіркеліп, жеке куәлігімен қоса, өтініш жіберу керек.

Айта кетейік, 2017-2020 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 160 ауданда, сондай-ақ  40 қалада, 2019 жылдан бастап Республикалық маңызы бар қалаларда 151 528 адам – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар кәсіпкерлікті үйренді. Курс аясында білім алғандар 4 жылда 44 362 (29%) бизнес жобасын іске асырды. Оның арқасында 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Мұндай тұлғалардың 93% тұрақты салық төлейді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес өсімі 3,7% болды.  Жобаға қатысқыңыз келсе, палатаның ресми atameken.kz  сайтынан толығырақ ақпарат алуыңызға болады.

19 сәуірде сағат 15.30-ға дейін аймақтарда түскен өтініштер саны:

Облыс атауы

Бірінші лекке оқыту бойынша жоспар

Берілген өтінімдер саны

%

Тіркеуге қабылдау жабық

Ақмола облысы

510

42

8,2%

 

Ақтөбе облысы

451

5

1,1%

 

Алматы облысы

840

47

5,6%

 

Атырау облысы

252

19

7,5%

 

Шығыс Қазақстан облысы

588

124

21,1%

 

Алматы қаласы

403

364

90,3%

 

Нұр-Сұлтан қаласы

350

219

62,6%

 

Шымкент қаласы

490

31

6,3%

 

Жамбыл облысы

924

825

89,3%

Байзақ ауданы,

Жуалы ауданы,

Меркі ауданы,

Тұрар Рысқұлов ауданы, Шу ауданы, Тараз қаласы

Батыс Қазақстан облысы

343

81

23,6%

 

Қарағанды облысы

503

319

63,4%

 

Қостанай облысы

504

44

8,7%

 

Маңғыстау облысы

225

41

18,2%

 

Павлодар облысы

300

27

9,0%

 

Солтүстік Қазақстан облысы

338

18

5,3%

 

Түркістан облысы

876

202

23,1%

Жетісай ауданы

Қызылорда облысы

557

0

00,0%

Облыстағы жұмыспен қамту орталығы анықтаманы 20 сәуірден бастап береді

Барлығы

7897

2402

28,5%

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер