astana-view

«Атамекенде» медициналық техниканы қолдану мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе құру ұсынылды

2021 жылғы 23 Сәуір
7327 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында медициналық техниканы қолдану бойынша жол картаның жобасы талқыланды.

Қазіргі кезде осы салалада жоспарлау және сатып алу, баға белгілеу, медицна ұйымдарын медициналық жабдықпен қамту стандарттарын белгілеу, сондай-ақ сервистік қызмет пен сараптама бойынша мәселелер бар.

 «Өкінішке қарай, қазіргі кезде маман немесе қосалқы бөлшектердің болмауы себепті сатып алынған жабдық жер төлелерде шаң басып жатқаны жайында жиі сын айтылып жатыр. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қарауына медициналық техниканы қолдану жөніндегі жол картаның жобасы келіп түсті, онда тиісті міндеттерді шешу бойынша кешенді шаралар көрсетілуі керек», – деп атап өтті ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Құжатты «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ әзірледі. Стратегия және Жол картасының жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленді, министрлік медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы проблемалар мен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуында стандарттар белгіленбеуіне қатысты алаңдаушылық білдірген.

 Әзірлеушінің айтуынша, бірінші кезекте құжат медициналық техниканы тіркеу және бағаны реттеуге бағытталған. Жол картаның жобасы мен тұжырымдамасы қарауға Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген.

 Өз кезегінде бизнес-қоғамдастық құжат жобасына бірқатар толықтырулар енгізуді ұсынды. Медициналық бұйымдар өндірушілері қауымдастығының төрайымы Гүлмира Мұхамеджанова құжат ЕАЭО талаптарын, атап айтқанда қауіпсіздікті бақылау процедурасын ескере отырып, толықтырылуы қажет деп атап өтті.

«Негізінен, біз оны одаққа мүше мемлекет ретінде сатылымнан кейінгі мониторингті ескере алмаймыз. Өндірушілер және олардың уәкілетті өкілдерінің белгілі бір талаптары бар, олардың қатысуынсыз қазақстандық мамандар жабдықты күту жұмысына араласуға немесе қызмет көрсетуге құқығы жоқ. Көптеген шетелдік өндірушілердің ішкі саясатында басқа компаниялардың мамандарына жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ынтымақтастық түрі қарастырылмаған», – деді Гүлмира Мұхамеджанова.

 Бұдан бөлек, жабдықты тексеру, калибрлеу үшін зертханалық базаның болмауы сапасыз жөндеуден туындауы мүмкін.

Тағы бір проблема – медициналық техникаларға қызмет көрсететін жетілген нарықтың болмауы.

 «Қазіргі таңда сервистік қызмет көрсетуді өндірушілердің өздері, немесе өндіруші авторизациядан өткізген қызметтер ғана көрсете алады. Осы ретте қарамағында білікті мамандары мен сәйкес материалдық және техникалық базасы бар басқа да сервистік қызметтердің көбі ҚР аумағында қызметін іске асыра алмайды. Көптеген шетелдік өндірушілердің ішкі саясаты  басқа компаниялардың мамандарына жұмыс орындауға мүмкіндік беретін ынтымақтастық формасын қарастырмайды. Медтехниканы импорттаушылар медицина техникасына қызмет көрсету және жөндеудің өңірлік орталықтарын ұйымдастырумен келіспейді, өйткені бұйымдардың сапасы мен дұрыс жұмыс істеуіне беделдік әрі материалдық жауапкершілік өндірушіге жүктеледі. Нарық мүддесін ескере отырып, ҚР-да медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету мәселесі Жол картасы шеңберінде ары қарайғы пысықтауды талап етеді», – деді «Медицина-Әлемі» ЖШС директоры Гауһар Әділчанова.

 «Қазақ сынақ және аудит орталығы» ЖШС атқарушы директоры Наталья Морщакованың айтуынша, Қазақстанда шекті бағаларды белгілеу және медицина техникасы құнын есептеуге қатысты мәселелер бар. Нормативтік құжаттарда медициналық бұйымдарды сатып алу стандарттары жоқ, ал баға белгілеу формулалары стандартқа сәйкес келмейді.

 «Егер осы мәселені шешпесек, онда медицина саласында жобалардың қымбаттап кетуіне тап боламыз», – деді ол.

 Жиын қорытындысы бойынша бизнес-қоғамдастық «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Жол картаны жетілдіруге қатысты бастамасын қолдады. Қорытындылай келе, Юлия Якупбаева жобалық кеңсе құруды ұсынды, оның шеңберінде Жол картасы іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, медициналық техниканы қолдану мәселелері бойынша нақты шаралары пысықталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер