astana-view

ҚР ҰКП «Орама қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық реттемесі бойынша заң жобасын қарастыруға белсене ат салысуға шақырады

2014 жылғы 30 Сәуір
9206 просмотров

2014 жылғы 2-3 сәуірде ТМД Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің Беларусь мемлекеттік метрология институтында (Беларусь Республикасы, Минск қ.) «Орама қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық реттемесіне өзгертулердің жобасын (бұдан әрі – Өзгертулер жобасы) талқылау бойынша жұмыс тобының (бұдан әрі – ЖТ) отырысы өтті.

ЖТ отырысы КО ТР өзгертулер жобасын көпшіліктің талдауы қорытындылары бойынша Ресей Федерациясы Өндірістік орамалар қауымдастығының, Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының, ҚР ҰКП, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің және т.б. қатысуымен өткізілді.

Өзгертулер жобасының негізгі жаңа енгізулері келесілер болып табылады:

1. Кеден одағының «Орамалар қауіпсіздігі туралы» техникалық реттемесінің реттеу нысандарына орама материалын енгізу және пайдаланылған ораманы және орама материалдарын кәдеге жаратудың болашақтағы мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында таңбалау бөлімінде ғана орама материалдарына қойылатын талаптарды тарату.

2. Сондай-ақ Өзгертулер жобасында ораманы қайта өңдеу, қайтадан пайдалану, жинау, кәдеге жарату және т.б. қатысты оған қойылатын жаңа талаптарды енгізу (орама материалы, қаптау құралы) қарастырылады.

ҚР ҰКП ораманы қайта өңдеу, қайтадан пайдалану, жинау, кәдеге жарату бойынша ұлттық заңнама үстіндегі заңнамада талаптар орнатудың пайдасыздығы ұстанымында, кәдеге жарату бойынша талаптардың орындалу механизмдері жоқ (мысалы, маңызды сәттердің бірі – пайдаланылған ораманы бөлек жинау).

ҚР ҰКП ойынша пайдаланылған ораманы жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, қайтадан қолдану мәселелері ұлттық заңнама аясында шешілуге тиіс.

Дегенмен де, Өзгертулер жобасының дайындаушысы Тараптар аумақтарында жаңа талаптарды енгізу және жүзеге асыру мүмкіндігі үшін Тараптарға жеткілікті мөлшердегі өтпелі кезең беру ұсынылады. Өтпелі кезең мерзімі Өзгертулер жобасын мемлекетішілік келісу кезінде анықтау шамаланады.

ЖТ отырысының қорытындылары бойынша дайындаушы Өзгерту жобаларының редакциясы соңына жеткізіліп жасалды.

ҚР ҰКП қызығушылық танытқан жағдайда Өзгертулер жобасын қарастыруға қатысуды және өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды үстіміздегі жылдың 16 мамырына дейін келесі электронды мекен-жайға жолдауды сұрайды: l.aytbayeva@palata.kz.

Минск қ. 02.04.14 ж. Жұмыс тобы отырысының хаттамасымен, Өзгертулер жобасымен танысу.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер