astana-view

ASHYQ қосымшасы арқылы спорттық шараларға жол ашық

2021 жылғы 24 Мамыр
9323 просмотров

Қазақстандықтар «Астана-Арена» тәжірибесі ел ауқымына таратылған соң спорттық шараларға бара алады. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева  орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

 «Астана-Арена» стадионында 6 мың көрерменнің қатысуымен футбол матчі өтті. Юлия Якупбаева жолға қойылған процестер негізінде Ashyq қосымшасын басқа спорт ареналары мен іс-шараларға кең таратуға болатынын атап өтті.

 «Астана-Аренада кеше матч өтті, карантиннен кейін 6 мың адам бір стадион астында жиналған алғашқы ауқымды шара болды, оларды қосымша арқылы екі сағат ішінде өткізіп, кіргізді. Бір келушіде «сары» статус анықталды. Азаматтарды ірі нысандарға өткізу процестері реттелсе, біз бұл тәжірибені басқа ареналарға таратып, келуішлер санын 20-дан 30%-ға дейін өсіре аламыз», – деді Юлия Якупбаева.

Жобаны ақпан айында іске асырудан бастап жобаға 7,1 мың кәсіпкер қатысып жатыр. QR-кодты алуға келіп түскен өтінімдер санын ескеретін болсақ, осы аптаның соңына қарай қатысушылар саны 8 мың бірлікті құрайды. Ashyq жобасын іске асырудан бастап «қызыл» статусты 2,6 мың келуші, «сары» статусты 2 мың адам анықталды.

  Еске салсақ, жобаға қатысу үшін кәсіпкер infokazakhstan.kz сайтан QR-код алуға өтінім беруі тиіс.

 

 Анықтама

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан басқа барлық жерге бару рұқсат.

«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға ең кемі 1 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер