astana-view

«Грант ұттыңыз»: Алаяқтар айласын асырып жүр

2021 жылғы 25 Мамыр
1906 просмотров

Қазақстандықтар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1432 байланыс орталығына қоңырау шалып, алаяқтық жасағысы келгендер туралы мәлімдеді. Алаяқтар азаматтарға «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 580 мың теңге көлемінде грант береміз деген ұсыныс айтып, есесіне отандық банктегі несиенің бір бөлігін жабуды талап еткен.

 Бұл алдаудың жалғыз схемасы емес. Жобаның басталуынан бері бейтаныс адамдар өздерін ҰКП қызметкерлері деп таныстырып, грант ұтысы жайында хабарлап, қаражатты аудару үшін банк деректерін сұрайды. Немесе қаражатты Қазпошта арқылы алуды ұсынып, «жеңімпаздың» жеке шот деректерін сұрайды. «Ұтыс» сомасы 700 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көлемде айтылады.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын ұйымдастырумен ғана айналысады. Ал, грант бөлу палатаның міндетіне кірмейді.

 Осыны ескере отырып, қазақстандықтарды алаяқтық сипаттағы хабарламаларға немесе қоңырауларға сеніп, құйтырқы әдістерге алданып қалмауын сұраймыз.

 Егер сіз мұндай жағдайға тап болсаңыз немесе сізге «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша грант ұтқаныңызды айтып, бейтаныс адамдар қоңырау шалса, 1432 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер