astana-view

«Жол картасы» денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мәселелерін шешуге көмектеседі

2021 жылғы 29 Мамыр
9249 просмотров

Құжатқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев және «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директоры Ахан Сарманов қол қойды.

 «Жол картасы» 8 бөлімнен тұрады:

  • денсаулық сақтау архитектурасын салу;
  • деснаулық сақтау саласында НҚА-ны өзектендіру;
  • дәріханалық ұйымдарды цифрландыру;
  • дәрі-дәрмекті таңбалауды енгізуді сүйемелдеу;
  • зертхана қызметтерін цифрландыру;
  • медициналық ақпараттық жүйелердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен өзара әрекеттесуі;
  • ақша айналымының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • қашықтықтан қызмет көрсету/телемедицина жүйесін жетілдіру.

 Юлия Якупбаеваның айтуынша, ұлттық деңгейде денсаулық сақтаудың бірыңғай экологиялық жүйесін құру жобасы әлі аяқталған жоқ, бұл жоба белгілі бір пациенттің айналасындағы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған медициналық ақпаратты біріктіретін еді. Цифрландырудың жол картасы денсаулық сақтау саласында бірыңғай цифрлық өрісті құрудағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған.

 «Кез келген саладағы цифрландыру – процестерді қайта қараудан бастап талдау мен сервистердің жаңа деңгейіне дейін реттеудің өзіндік революциясы. Деректер базасын біріктіру пациенттерге барлық жазбаларды, зерттеулер мен снимоктарды бір жерге жинақтауға көмектеседі. Дәрігерлерге – пациенттің медициналық зерттеулеріне, емделу деректеріне толық қолжетімдікті қамтамасыз етеді. Мемлекетке – денсаулық сақтау жүйесінде қаржы ағындарын бақылауға жол ашады. Басқа ойыншыларға (дәріханалар, фарм саласы, ІТ-компаниялары) жаңа қызметтер мен өнім түрлерін жоспарлауға мүмкіндік береді», – деді Юлия Якупбаева.

 Осы жұмыстарды орындау пациенттер және дәрігерлермен қоса, басқару және қаржыландыру органдары үшін қажетті.

​​​​ «Жол картасын құру кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру қажет болатын негізгі бағыттар қамтылды. Сонымен, Жол картасын іске асыру шеңберінде дәрі-дәрмектерді алуға арналған рецепттер шығаруды цифрландыру, сондай-ақ оларды денсаулық паспортында Egov mobile-де көрсету, сонымен қатар «электрондық денсаулық кітабын»  цифрлық құжаттарына шығару жоспарланған», – деді Ахан Сарманов.

«Қол қойылған құжат – ақпараттық жүйелердегі дәрігердің жұмысын оңтайландыратын, сондай-ақ пациенттер туралы мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмайтын денсаулық сақтауды цифрландыруды жүзеге асыру процесіне жеке сектордың мемлекеттік органмен қатысуындағы тағы бір көпір», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.

 ҰКП мамандары «Жол картасын» іс-шараларын іске асыру электронды денсаулық сақтау мәселелерін шешуге көмектесіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға сенімді негізді құрайды деген пікірде.

 Анықтама:

2019 жылдың 8 маусымында «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтаудың түйткілді мәселелерін шешу бойынша Жол картасына қол қойды, құжат негізгі 5 бөлімді қамтыды:

 -платформа архитектурасы;

-дербес деректермен алмасу және оларды қорғау;

- бизнес-процестерді жақсарту және НҚА-ға өзгерістер енгізу;

-Міндетті медициналық сақтандыру қорымен өзара әрекеттесу;

-дәріхана желілері және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынас.

 «Жол картасы» шеңберінде денсаулық сақтауды цифрландырудың нормативтік базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді және телемедицина мен радиология саласындағы ІТ индустриясындағы дайын шешімдер ((PAKs – жүйелер мен медициналық ақпараттық жүйелер, электронды рецепттер) қарастырылды, заңнамадағы мәселелер қызметтердің мәліметтер түрлерін одан әрі дамытуға кедергі келтіретін мәселелер анықталды және олардың шешімін пысықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер