astana-view

Тимур Құлыбаев бизнестің еңбекақы төлеу қорына жүктемесін 20%-ға дейін төмендетуді ұсынды

2021 жылғы 04 Маусым
3017 просмотров

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V республикалық кәсіпкерлер форумында бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіру мәселесіне баса назар аударды.

«Жаңа реттеуді енгізу кезінде салықтық әкімшілендіру туралы ұмытпау керек. Егер негізгі салық төлеушілерге қарайтын болсақ, онда бұл 2,4 мың ірі және 6 мың орта кәсіпорын. Өз кезегінде, 1 миллионға жуық микро және шағын бизнес субъектісі салық төлеуден жалтарады, өйткені олар күрделі әкімшілендіруді түсінбейді және қорқады. Сондықтан микро және шағын бизнес үшін минималды және қарапайым салықтар қажет. Салық салу олардың қалыпты өміріне, сондай-ақ ұялы байланыс немесе коммуналдық қызметтер үшін төлем секілді енгізілуі керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа төрағасының айтуынша, қазір әрбір жалдамалы жұмыскер үшін бизнес салық агенті ретінде 5 төлем (ЖТС, әлеуметтік салық, БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ жарналары) төлейді, ал жалпы жүктеме 34%-ды құрайды.

«Бұл ЭЫДҰ бойынша орташа деңгейде (2020 жылы 34,6%) болады. Біздің бағалауымыз бойынша 8,8 млн жұмыспен қамтылған халықтың 4 миллион адамға дейін өз табысынан тұрақты салықтар мен төлемдерді төлемейтін бейресми жұмыспен қамтылғандарға жатқызылуы мүмкін. Көпшілігі қайта несие алған, коллекторлар мен сот орындаушыларының кесірінен ресми жұмыс істегісі келмейді», – деді ол.

Сондықтан төралқа төрағасы олар үшін біз бірыңғай төлем енгізуді және жүктемені 20%-ға дейін төмендетуді ұсынды.

«Бұл оларды көлеңкеден шығуға ынталандырады, олар есепке тұрады және мемлекеттің барлық әлеуметтік қызметін пайдалануға кепілдік береді.  здеріңіз білетіндей, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі аясында Үкімет кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын әзірлеуде. Біз жаңа реттеушілік саясатты жүргізуге, салықтарға, бизнесті қолдауға байланысты барлық ұсынысымызды жаңа тұжырымдамада жүйелеуге тырысамыз. Бұл мәселеде Агенттіктің қолдауына үміттенеміз», – деп түйіндеді сөзін Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер