astana-view

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында астық өңдеушілердің өзекті мәселелері талқыланды

2021 жылғы 14 Маусым
- Қарағанды облысы
6683 просмотров

Қарағандылық ұн тартушы кәсіпорындар «Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганмен кездесті. Кездесу Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Соңғы үш жылда елдегі ұн мен астық бағасы шамамен 40%-ға өсті. Бұл ретте жыл сайын дәнді және майлы дақылдарға арналған егіс алқаптары да ұлғаюда. 2020 жылы 18,76 млн гектарға егілді, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 3%-ға артық. Бидай егуге арналған ауыл шаруашылығы жерлері ұлғайтылды: биылғы жылдың көрсеткіштері 12,17 млн гаектарға тең,  бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Астық негізінен Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан және басқа да жақын шет елдерге экспортталады.

Евгений Ганның айтуыша, соңғы уақытта Қазақстанда кейбір елдерге ұн экспорты көлемінің төмендегені байқалады. Негізгі себеп – шетелдегі қатаң бәсекелестік. Қарағандылық ұн тартушылар экспортты жандандыру үшін жаңа логситикалық дәліздерді дамыту қажет деп санайды, мұндай дәліздер кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндіктер ашады. Бүгінде Қазақстан – ұнды өзі тұтынғанынан гөрі сыртқа көбірек экспорттайтын әлемдегі жалғыз мемлекет.

Астық өңдеу саласындағы мәселелерді талқылауға Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов те қатысты. Қарағандының ұн тартушылары күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелер мен ұсыныстарды көтерді.

«Соңғы үш жыл ішінде бидай 2 есе қымбаттады. Ұн бағасы 16,3%-ға өсті, Нұр-Сұлтанда нан бағасы 5.9%-ға қымбаттады. 2007 және 2012 жылдардағыдай, егіннің түсімі азайып қалуы болмағаны қуантады. Біз қарағандылық ұн тартушылардың барлық ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдауға әрқашан дайынбыз», – деп атап өтті дөңгелек үстелде Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер