astana-view

Ashyq жобасына қатысып жатқан ұйымдар саны 11 мыңға жуықтады

2021 жылғы 16 Маусым
6445 просмотров

«Жобаға біртіңдеп әуежайлар қосылып жатыр – Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Ақтау, Қостанай, Көкшетау қалаларының әуежайлары қосымшамен жұмыс істейді.

«Қызыл» статусты 299 жолаушы және «сары» статусты 212 жолаушы анықталған. 1500-ге жуық жаңа жұқтыру жағдайы алдын алынды. 21 маусымға дейін негізгі әуежайлар қосымша арқылы жұмыс істей бастайды. Вокзалдар қосылды – бұл жұмыс оңайға соқпады. Адам қарасы қалың, кіреберіс, шыға берістер көп. Адамдар вокзалға тура пойыз жүре бастағанда келеді. Бірақ ҚТЖ және Нұр-Сұлтан вокзалдарының командасы жұмысты атқара алды», – деп жазады«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өзінің facebook-тегі парақшасында.

Жобаға барлығы 11 мың кәсіпкерлік субъектісі қатысып жатыр. Статусты сайттағы QR-тестілеу арқылы анықтау саны артып келеді. Ashyq жобасымен «қызыл» статусты 4,6 мың келуші және «сары» статусты 4,2 мың келуші анықталған.

 Юлия Якупбаева жоба қатысушылары тарапынан келушілерді тіркеу серпіні артып келе жатқанын атап өтті. Талаптарды адал орындап жатқан қатысушылар – көшбасшылар анықталуда, олардың қатарында: әуежайлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, жоғары оқу орындары, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану нысандары бар. Мысалға, 2 апта ішінде Алматы қаласының халықаралық әуежайы 195 мыңнан астам адамның статусын тексерді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жоба талаптарын жауапкершілікпен орындаған кәсіпкерлерге жеңілідктер қарастырылған.

 Осы ретте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келушілерді сканерлеуге немқұрайлы қараған кәсіпкерлер мен қызметкерлер Ведомствоаралық комиссияның шешімімен немесе мониторинг тобының тексеруі негізінде  жобадан шығарылатынын ескертеді.  

 «Біздің бір ғана өтінішіміз бар – көрші елдерде қайталанып жатқан жағдайға жол бермеу үшін қатты босаңсымауды сұраймыз!» – деп атап өтті өз жазбасында Юлия Якупбаева.

 Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға ең кемі 1 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер