astana-view

АҚШ елшілігі мен «Атамекен» қолөнер және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша бірлескен жобаны іске қосады

2021 жылғы 21 Маусым
13247 просмотров

Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта ілгерілету мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында «Born Nomad» бірлескен жобаның басталғанын хабарлайды.

«Born Nomad - Power Award» ұлттық байқауы қазақ мұрасын қайта жаңғырту мен кеңінен насихаттауға, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен халық шығармашылығының заманауи талдауын рухтандыруға бағытталған.

Жобаның демеушілері – Chevron мен ExxonMobil, байқаудың серіктестері – KazTrade, KazPost, Creative Industries Project Office, Қазақстан Шығармашылық Кеңесі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан әйелдер күштері альянсы, Атамекен Іскер әйелдер кеңесі мен Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі.

Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен әйелдердің экономикалық рөлін күшейту – АҚШ-тың сыртқы саяси басымдығы.

«Әйелдер өркендеген жерде елдер өркендейтінін білеміз», – деп елші Уильям Мозер айтқан еді.

Мүмкіндіктері кеңейген қолөнершілер сауда мамандарымен, интернет арқылы тауар сатушылар мен шығармашылық индустриясының мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесетін және ынтымақтаса алатын экожүйені құру арқылы жоба Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасында коммерциялық синергия құруды көздейді.

«Born Nomad» жобасы үш құрауыштан тұрады: 1) халықаралық қойылым, білім беру мүмкіндіктері мен АҚШ-тағы желілік сатушылармен байланыс орнатуға арналған онлайн платформа; 2) жалпыұлттық таланттар байқауы және 3) ең жақсы туындылар көрсетілетін, байқау жеңімпаздары жарияланатын және шығармашылық экономика қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған панельдер өткізілетін форум мен фестиваль.

Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынайды: Дәстүр мен мәдениет, Инновация, Әйел шебері, Жас талант, 3D қолөнері және Шығармашылық Ынтымақтастық. Жеңімпаздарды Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның кәсіби топтарының өкілдері мен сарапшыларынан тұратын іріктеу комиссиясы анықтайды.

«Бізде қолөнер кәсіпкерлігін жаңа деңгейге шығарудың ерекше мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе әйелдер бизнесі үшін өте маңызды. Біз өз тарапымыздан «Бастау» жобасы арқылы барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Соңғы 4 жылда бұл жоба арқылы 150 мыңнан астам адам (оның 52%-ы әйелдер) микро және шағын бизнес негіздеріне машықтанды және 2000-нан астам қолөнер жобалары іске асырылды», – деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Жобаның ең соңында, қыркүйек айында форум мен фестиваль өтеді. Іс-шараның спикерлері мен тәлімгерлерінің қатарына халықаралық ұйымдар, американдық қолөнер қауымдастықтары және кәсіпкерлік мамандары кіреді. Қосымша ақпарат пен қатысу шарттары үшін тіркеу формасын толтырыңыз немесе info.bornnomad@gmail.com бойынша бізге хабарласыңыз.

Сонымен қатар,  жоба аясында арнайы курс өткізеледі. Ол бизнес бастағысы келетін немесе қолөнер саласында жұмыс істегісі келетін шеберлерге арналған. Курсты аяқтап, тесті сәтті тапсырған қатысушыға сертификат беріледі. Курс  atameken.co сайтында оқытылады.

Қолөнер бренді және өнім курсы брендті нөлден бастап шығарудың және қолөнер мен халықтық қолданбалы өнер негізінде халықаралық стандарттар бойынша кәсіби сұранысқа ие өнімді құрудың жедел алгоритмін ұсынады. Бұл қолөнерді идеядан сатуға дейін коммерцияландыру стратегиясы.

10 модульден тұратын курста тыңдаушылар келесі тақырыптарды оқиды:

⁃ бренд және брендинг, сегментация, позициялау, бірегей сауда ұсынысы, брендтің ДНҚ;

⁃ шабыт көздері, трендтер, мудборд;

⁃ өнім желісін жоспарлау;

⁃ прототиптер, эксперименттік үлгілер жасау және ағынды өндіріс;

⁃ қаржы, өзіндік құнды есептеу және баға белгілеу;

⁃ визуалды байланыс, Фото және видео түсіру, брендтің графикалық материалдары;

⁃ маркетинг, жылжыту, нарықты зерттеу, сандық маркетинг және әлеуметтік желі;

⁃ офлайн және онлайн форматтағы көтерме және бөлшек сауда, қолөнер өнімін тарату;

⁃ өндіріс материалдарының логистикасы және дайын өнімді жеткізу;

⁃ сауда маркасын қорғау мәселелері және басқа да құқықтық мәселелер;

Курс 10 модулден тұрады және 21 шілдеде басталады:

Авторлық вебинарлардың кестесі (барлық сабақтар 15: 00-де өтеді): 

21.07.2021 - 1 модуль Брендтің пайда болуы

23.07.2021г. - Вебинар-сұхбат: Таңсықбаев атындағы халықтық қолданбалы өнер колледжінің директоры Айгүл Жансеріковамен кәсіп ретінде қолөнер

23.07.2021 - 2 модуль  МУДБОРД

28.07.2021 - 3 модуль Өнім желісінің жоспары

30.07.2021 - 4  модуль Үлгілер және ағындық өндіріс

02.08.2021 - 5 модуль Өзіндік құн және баға белгілеу

04.08.2021 - Этикет және өмір салты бойынша сарапшы Татьяна Поляковамен қолөнер, өмір салты және тюнинг туралы вебинар-сұхбат

06.08.2021 - 6 модуль  Визуалды коммуникациялар

09.08.2021- «Atelier 1» дүкенінің негізін қалаушы және ТМД-дағы University of the Arts London өкілі Хелен Хилковамен қолөнер және дизайн жайында вебинар-сұхбаты

11.08.2021 - 7 модуль  МАРКЕТИНГ

13.08.2021 - 8  модуль Сату және тарату

16.08.2021 - 9 модуль ЛОГИСТИКА

18.08.2021 - Aid to Artisans қолөнер шеберлерін қолдау жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Мауд Обэмен вебинар-сұхбат

20.08.2021 -10 модуль Құқық

23.08.2021 - Авторлық құқық бойынша сарапшы Темірлан Төлегенмен "Қолөнер, сауда маркасы, авторлық құқық" тақырыбындағы Вебинар-сұхбат

25.08.2021 - Риккардо Марини, сәулетші және урбанистпен қолөнер, сәулет және қала туралы вебинарлық сұхбат

27.08.2021 - Өнер тарихшысы және қазіргі заманғы өнер кураторы Валерия Ибраевамен қолөнер және қазіргі заманғы өнер туралы вебинар-сұхбат


Еншілес ұйымдар

Серіктестер