astana-view

Кәсіпкерлердің мәселесін жария еткеніңіз үшін алғыс – «Атамекен»

2021 жылғы 25 Маусым
6896 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұжымы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Еліміздегі кәсіпкерлердің түйткіл мәселелері мен жақсы жаңалығын жария қылған журналистер қауымына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің атынан алғыс хат ұсынылды.

Марапаттау салтанатына жиналған БАҚ өкілдерін Палата төрағасының орынбасарлары Нариман Әбілшайықов және Олжас Ордабаев құттықтады.

«Карантиннің бизнеске кері әсерін бәріңіз білесіздер. Пандемия кезінде 31 мың кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатты және оған дейін бизнес 51 миллиард теңге салық төлеген болса, шектеулер жеңілдетілгеннен кейін 13 мың бизнес субъекті ашылып, 39,9 миллиард теңге салық түсірді. Бұралық ақпарат құралдарының өкілдері пандемия жағдайында да алдыңғы шепте болды. Осындай қиын кезде журналистер кәсіпкерлердің мәселесін жария етіп, қолдау көрсетті», - деді  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, журналистерге «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары – бизнес ашқан кәсіпкерлердің өнімі сыйлық ретінде табысталды.

«Палатамен үздіксіз байланыста болып, қызметі туралы материал жазған әр журналисті кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Қаламыңыз ұшталып, шығармашылығыңыз шарықтай берсін. Алдағы уақытта да ынтымақтаса, бірлесе қызмет атқарамыз деген ниеттемін», - деді басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың атынан Алғыс хат алған БАҚ ұжымы:

  • «Қазақстан» РТРК
  • «Хабар-24» телеарнасы
  • Inbusiness.kz ақпарат порталы
  • «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің атынан Алғыс хат алған БАҚ өкілдері:

  • Айбек Құрмет - «Atameken Business» телеарнасы
  • Ирина Камышова - «Хабар» телеарнасы
  • Назым Бөлесова - «BAQ.KZ» ақпарат порталы
  • Жанар Сайлаубекқызы - Қазақ радиосы
  • Бекболат Сатуов - «Астана» телеарнасы
  • Зарина Беремкул - «31 арна» телеарнасы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер