astana-view

Өзбекстан салған тыйым салдарынан жүктің шекарада 5 күн тұрып қалуы форс-мажор ретінде танылуы тиіс

2021 жылғы 03 Шілде
9055 просмотров

Бұл туралы министрліктер, бизнес-қоғамдастық және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерімен өткен жұмыс кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов мәлімдеді.

 «Бүгінде өзбек теміржолы тарапынан 5 шілдеден бастап жоспарланған конвенциялық тыйым алынып тасталғаны туралы белгілі болды. Алайда кәсіпкерлер 28 маусымнан бастап жолда тұрып қалып, Өзбекстан арқылы жөнелту үшін өнімді тией алмай жатыр. «Атамекен» бизнес өкілдері форс-мажорды рәсімдеп, серіктестерге шекарадағы кідіріс оларға байланысты емес себептер бойынша болғанын дәлелдей алуы үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен ситуацияны түсіндіріп, ресми хат жолдауды сұрайды», – деп кеңес барысында Талғат Темірханов министрлікке жүгінді.

28 маусымда жүк тиелген вагондар жол бойы тұрып қалды. Тиеуге дайындалған қалған жүкті «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС қабылдамай жатыр.

 ҚР сауда және интеграция министрлігінің өкілдері осындай тыйымдарды әрбір теміржол әкімшілігі бірқатар себептер бойынша қабылдайтынын, соның ішінде инфрақұрылымды шектеуге және тасымалдау қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты енгізуі мүмкін екенін хабарлады.

 Еске салсақ, «Узбекистон темир йуллари» АҚ 2021 жылғы 28 маусымда Галаба (эксп.) және Термез-порт (эксп.)  станциялары және ары қарай Ауғанстан бағытындағы барлық жүкті тиеуге конвенциялық тыйымды белгісіз мерзімге енгізу қажеттілігі туралы хабарлады.

 Алайда, 30 маусымда өзбек темір жолдары өзінің барлық жүк жөнелтушілеріне (30.06.2021 жылғы 2703а шығыс хаты) бұрын жіберілген жеделхатпен Галаба (эксп.) және Термез-порт (эксп.)  станциялары және ары қарай Ауғанстан бағытындағы барлық жүкті тиеуге рұқсат берілетіні туралы хабарлады. 

Осылайша, Өзбекстан тарапы өз серіктестеріне барлық жүк жөнелтушілер үшін енгізілген конвенциялық тыйым салу кезінде барлық жүктерді тиеуді жүзеге асыруға рұқсат етті.

Сондай-ақ, кеңес барысында Қытайға/Қытайдан келетін жүк тасымалының ағымдағы жағдайына қатысты мәселе қаралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер