astana-view

Кәсіпкерлер мониторинг топтар жүргізген рейдтердің заңдылығын тексере алады

2021 жылғы 08 Шілде
12366 просмотров

Енді бизнес нысанына infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркелген жағдайда ғана кіруге болады, онда нысан атауы мен нақты мекенжайы көрсетіледі. Шешім 2021 жылғы 1 шілдеде ведомствоаралық комиссиямен қабылданып, мониторинг топтардың жұмыс алгоритміне тиісті өзгерістер енгізілді.

 Отандық кәсіпкерлер мониторинг топтардың заңсыз әрекеттеріне қатысты локдаун уақытынан бері шағымданып келеді. Мәселен, Алматы облысында бір ер адам өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырып, мейрамханаларға кіріп, бұзушылықтарды «тексерген», сонымен қатар қаржылай сыйақыға мониторинг тобының «қорғауын» ұсынған. Бұдан бөлек, нақты мониторинг топтың мүшелері тексеруді ретсіз жүргізіп, бір нысанға бірнеше рет барып жүрген.

 «Атамекен» құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп, мониторинг топтардың тексерулерін InfoKazakhstan электрондық платформасында тіркеу тәртібін пысықтады. Әрбір топтың қызметі етуі платформада цифрлық із қалдырады. Бұл шара топтардың жұмысына талдау жүргізуге, қазіргі уақытта кейбір өңірлерде қолданылып жүрген сияқты тәулігіне бір реттен артық бір нысанға бару фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Өстеміров.

 Жаңа ережелерге сәйкес барлық тексеру infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеледі, онда мониторинг топ құрамы және тексеру жоспарланған нысан атауы көрсетіледі. Бұдан бөлек, жүйеде тіркелген соң мониторинг тобына жоспарлы нысанды тексеруге және тексеру актісін жабуға 24 сағат беріледі.

 Кәсіпкерге оның нысанына тексеру жүргізу жоспарланғаны жайында хабар берілмейді. Алайда ол жүргізілген тексерудің заңдылығын тексеру үшін топ мүшелерінен тексеру актісін сұрап, QR-кодты сканерлей алады.

 «Бірінші кезекте, мұндай шара цифрлық технологиялар көмегімен сыбайлас жемқорлық салдарын жойып, кәсіпкерлерге мониторинг топтар қызметі  туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалды», – деді Ербол Өстеміров.

Күн сайын өңірлер бойынша жүргізілген тексерулер нәтижелерінің статистикасы және анықталған бұзушылықтардың типтері бойынша жиынтық кестелер әзірленеді.

Естеріңізге сала кетейік, мониторинг топтар бұзушылықтарды тек 5 санитарлық талап бойынша ғана тіркей алады:

-жұмыс режимі;

- отбасылық, еске алу іс-шараларын және көпшілік жиналумен басқа да іс-шараларды жүргізуге шектеуге талаптар;

-әлеуметтік арақашықтық;

-маска режимі;

-келушілер санын нормадан асыру.

 Мониторинг топтары қолғаптар, дезинфекциялық кілемшелер және тоннелдердің барын тексермейді.

Егер мониторинг тобы жоғарыда аталған бес бұзушылықтың бірін анықтайтын болса, онда әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жібереді. Бұл ретте санитар дәрігердің нысанға баруы талап етілмейді.

 Бұзушылықты анықтаған кезде мониторинг тобы тексеру жүргізу туралы шұғыл хабарламаны СЭҚ инспекторына жібере алады. Сол кезде инспектор нысанды тексеру парағында қарастырылған 24 талаптың сақталуына тексереді.

 Мониторинг топтың бұзышылықтар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқығы жоқ.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер