astana-view

358 бизнес нысаны Ashyq жобасынан шығарылды. «Атамекен» талаптарды сақтауға шақырады

2021 жылғы 12 Шілде
7684 просмотров

 Жұмыстың бекітілген алгоритмін бұзу жүздеген отандық кәсіпкерді табыстан айырып, жұмыс уақытын шектеді. QR-кодын сканерлемеген нысандар жобадан екі аптаға шеттетілді.

 «Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себепті енгізілген жаңа шектеулерге қарамастан кейбір кәсіпкерлер кіреберісте QR-кодты сканерлеуге қатысты талапты орындамайды. Осы ретте аутсайдер-нысандар жұмсартылған талаптар бойынша жұмыс істеп жатыр, мәселен нысандардың жұмыс күні ұзартылған. Кәсіпкерлерге жұмыс режимін ұзарту, 2020 жыл бойы табыссыз, тоқтап қалған салалардың жұмысын қайта бастаудың әзірге балама жолы жоқ екенін еске салғым келеді. Сондықтан Ұлттық палата кәсіпкерлерден Ashyq жобасына қатысу ережелерін ұстанып, жұмыс істеу мүмкіндігін жоғалтып алмауды сұрайды»,  – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов.

 Қазіргі кезде Ashyq жобасына бизнестің 14 500 субъекті қатысып жатыр, тағы 865 өтінім қаралу үстінде.

 Нысан келесі талаптарды орындамағаны үшін жобадан шығарылады:

  • егер мониторинг тобы жобаға қатысуға қойылған талаптардың бұзылғанын анықтап, растаса;
  • нысан үш күннен артық келушілерді қосымша арқылы тексермесе (check-in жүргізбесе).

 Мониторинг топ жүргізген рейд нәтижелері бойынша жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобадан екі аптаға шығарылады. Егер бұзушылық қайталанса, қатысушы жобадан бірден 2 айға шеттетіледі.

 Осы ретте Ashyq жобасының талаптарын бұлжытпай орындап жатқан кәсіпкерлер «қызыл» статуспен 6,9 мың адамды, «сары» статуспен 6,5 мың адамды анықтай алды. Қосымшаны енгізуден бастап 4 млн-нан астам қазақстандық қосымшаны қолданды. ashyq.kz сайтында QR-код арқылы науқас адамдардың анықтау көрсеткіші өсіп келеді. Күн сайын «қызыл» статуспен 2 мыңға жуық адам анықталады.

 Анықтама:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға ең кемі 1 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер